2023 жылғы 5 қазанда Экономикалық зерттеулер институтына Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің өкілдері келіп кетті.
Кездесу барысында Университет өкілдері география пәні мұғалімдерін даярлау мен қайта даярлаудың білімдік, әдістемелік және техникалық базасын тұрақты даму міндеттерінің іске асырылуын ескере отырып құрудың маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар география пәні мұғалімдеріне арналған Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) бойынша Университет өткізетін семинар-тренинг жөнінде сөз болды. Іс-шара аясында Институт сарапшылары презентация жасап, семинар қатысушыларына ТДМ бойынша «Миссия 2030» іскерлік ойының өткізеді деп жоспарлануда.