2023 жылғы 1-жартыжылдықтағы тікелей шетелдік инвестициялар туралы

10.10.2023

Тікелей шетелдік инвестициялардың (ТШИ) жалпы ағыны 13,3 млрд АҚШ долларын құрады, бұл 2022 жылғы ұқсас кезеңнің көрсеткішінен 4%-ке немесе 546 млн АҚШ долларына төмен.

Шетелдік инвестициялар көлемінің едәуір төмендеуі металлургия өнеркәсібінде – 2,5 млрд-тан 1,8 млрд долларға дейін, сондай-ақ инвестиция көлемі 4,8 млрд-тан 4,3 млрд долларға дейін төмендеген шикі мұнай мен табиғи газ өндірісінде орын алды. Сондай-ақ, құрылыс саласындағы ТШИ 461 млн доллардан 190 млн долларға дейін, қаржы-сақтандыру қызметінде - 700 млн-нан 490 млн долларға дейін төмендегенін атап өтеміз.


Инвестициялар көлемінің жалпы төмендеуі ТШИ-дың тамақ өнеркәсібінде 100 млн-нан 350 млн долларға дейін, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларда - 61,6 млн-нан 234 млн долларға дейін, IT және ақпараттық қызметтер саласында - 40 млн-нан 150 млн долларға дейін, электрмен жабдықтау және газ беруде - 53 млн-нан 140 млн долларға дейін өсуі есебінен ішінара өтелді.

ТШИ салалық құрылымы тұтастай алғанда айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған жоқ. Инвестициялардың негізгі көлемі әлі де болса ТМК-ға – 42% (5,6 млрд доллар), өңдеу өнеркәсібінде – 22% (2,9 млрд доллар) және көтерме-бөлшек саудада – 19% (2,5 млрд доллар) шоғырланған.

Елдік бөліністе АҚШ инвестицияларының үлесі 23%-тен 14%-ке дейін айтарлықтай төмендеді, ал АҚШ инвестицияларының көлемі 3,2 млрд-тан 1,9 млрд долларға дейін түсті; Бельгияның үлесі 8%-тен 4%-ке дейін төмендеді, бұл елден инвестиция көлемі 1,2 млрд доллардан 600 млн долларға дейін түсті; Нидерландының үлесі 24%-тен 22%-ке дейін төмендепі, инвестиция көлемі 3,4 млрд-тан 3 млрд долларға дейін құлады.
 
БАӘ-ден (+200 млн доллар), Ресейден (+184 млн доллар), Германия (+182 млн доллар), Корея Республикасынан (+176 млн доллар), Қытайдан (+175 млн доллар), Франциядан (+159 млн доллар), Сингапурдан (+116 млн доллар) және Австриядан (+102 млн доллар) келетін тікелей шетелдік инвестициялар көлемі ұлғайды.
 
Қазақстан өңірлері бөлінісінде инвестициялардың үлкен көлемі Алматы қаласына тартылды – 4,1 млрд. АҚШ доллары, оның алдында  көшбасшылық позицияда Атырау облысы орналасқан еді. Қазақстанның ірі қаласында инвестициялар көтерме және бөлшек саудада – 2,3 млрд доллар, сондай-ақ көлік және қоймалауда, қаржылық-сақтандыру қызметінде шоғырланған. Атырау облысы 3,5 млрд АҚШ доллар инвестиция тартты, мұнда инвестициялардың барлық көлемі ТМК саласына тиесілі. Кейін ШҚО (1,4 млрд доллар) және Астана қаласы (800 млн доллар) орналасақан. Тікелей шетелдік инвестициялардың ең аз көлемі жаңа облыстарда – Абай (-44 млн доллар), Ұлытау (4,5 млн доллар) және Жетісу (10,5 млн доллар), сондай-ақ Шымкент қаласында (32,1 млн доллар).
 


Қарау саны: 1087
Сақталған: 23.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!