Абай облысындағы көлік байланысы елдегі ең маңызды проблема болып табылады
11.10.2023
"Өңірлік теңсіздік туралы 30 тұжырым" айдары № 9 тұжырым – Тұрғындардың пікірінше, Абай облысындағы көлік байланысы елдегі ең маңызды проблема болып табылады. Лондон экономика және саясат ғылымдары мектебінің (LSE) және Экономикалық зерттеулер институтының (ERI) сарапшылары орындаған Қазақстан өңірлеріндегі қала және ауыл тұрғындарының әл-ауқатты және сапалы өмір жағдайын қалай қабылдайтыны туралы жалпыұлттық зерттеу шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия даму банкінің Біліммен және тәжірибемен алмасудың бірлескен бағдарламасының "Өңірлік теңсіздікті зерттеу" жобасы шеңберінде халықтың өз кірістеріне бағалау жүргізілді. Аталған зерттеу аясында көлік инфрақұрылымын бағалау зерттелді. Көлік инфрақұрылымы халықтың экономикалық өсуі мен өмір сүру сапасын қамтамасыз етеді. Зерттеу аясында халықтың көлікті 4 балдық шкала бойынша бағалауы жүргізілді. Жалпы Қазақстан бойынша көлік инфрақұрылымының сапасы 2,54 баллға бағаланды. Өңірлер бөлінісінде көлік инфрақұрылымының сапасы бойынша көшбасшылар ретінде республикалық маңызы бар қалалар атап өтілді: Шымкент қ. (3,2 балл), Астана қ. (2,97 балл), Алматы қ. (2,92 балл). Абай облысы аутсайдер болып табылады, мұнда көлік сапасының бағалауы орташа деңгейден төмен -1,81 балл. Абай ауданында қала (1,74 балл) мен ауыл тұрғындары (1,9 балл) төмен баға берді. Сондай-ақ Ақтөбе (1,87 балл), Қостанай (2,01 балл) облыстарының ауылдарында және Солтүстік Қазақстан облысының қалаларында (1,97 балл) төмен көрсеткіштер байқалды. Жалпы Қазақстан бойынша көлік инфрақұрылымы сапасының орташа деңгейі атап өтілді, алайда бірқатар өңірлерде шұғыл және белсенді шешімдерді талап ететін елеулі проблемалары да аталды. Әлеуметтанулық сауалнамаларды бағалау үлкен проблемаға екені анық, өйткені көлік инфрақұрылымының сапасы халықтың өмір сүру сапасының өте маңызды факторы болып табылады. Көлік инфрақұрылымының проблемаларын нүктелік шешу үшін әрбір елді мекендегі проблемалардың деңгейін мониторингтеу және бағалау қажет. Көлік инфрақұрылымын дамыту перспективалары өңірлерді дамытудың кешенді моделін әзірлеумен тікелей байланысты екенін ескерген жөн. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, біз көлік инфрақұрылымының проблемаларын үнемі бақылау, сондай-ақ мониторинг нәтижелеріне сәйкес аймақтық даму бағдарламаларын түзету қажеттілігін атап өтеміз.
Қарау саны: 1006 |
|
|