ARCHICA ASTANA 2023 саммитінде Институт үсынған нәтижелер мен қорытындылар

11.10.2023

Экономикалық зерттеулер институтының сарапшылары 5-6 қазан аралығында Астана қаласында өткен ARCHICA ASTANA 2023 халықаралық саммитіне қатысты. 

Негізгі экономикалық және әлеуметтік мәселелерді талқылау үшін маңызды іс-шараға айналған саммит бүкіл әлемнің маңызды өкілдері мен сарапшыларын жинады. 

Форумда Азамат Саменов институт атынан 2022 жылғы қалалардағы өмір сапасы рейтингінің нәтижелерін, сондай-ақ 2023 жылғы еліміздің 7 моноқаласындағы жағдай туралы алдын ала қорытындыларды ұсынды. Рейтинг Қазақстанның қала тұрғындарының 86% тұратын елді мекендерді қамтиды. 


Негізгі тезистер: 
  • Еліміздің моноқалаларындағы маңызды инфрақұрылымды жаңарту қажет. 
  • Бірқатар моноқалаларда көші-қонның теріс сальдосы байқалады, бұл болашақта жұмыс күшін төмендетіп, қала құраушы кәсіпорындардың өндірістік процестеріне әсер етуі мүмкін. 
  • Ауыл халқы да қалалық елді мекендерге жақынырақ қоныс аударады: ауыл тұрғындарының шамамен 26% -і Қазақстан қалаларына жақын жерде тұрады.



Қарау саны: 976
Сақталған: 23.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!