Ресеймен сауда теңгерімі: Қазақстанның шекаралас өңірлері қандай азық-түлік тауарларын көбірек импорттайды?

12.10.2023

Батыста, солтүстікте және шығыста Қазақстан РФ-мен ортақ шекараға ие – 7591 км (әлемдегі ең ұзын үздіксіз құрлық шекара), олардың басым бөлігі Атырау, Батыс Қазақстан (БҚО); Ақтөбе; Қостанай; Павлодар; Солтүстік Қазақстан (СҚО) және Шығыс қазақстан (ШҚО) облыстарының шекаралары арқылы өтеді.

2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен РФ арасындағы тауар айналымы 26 млрд. АҚШ долларынан асты, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6%-ке артық. Бұл ретте Қазақстаннан Ресей Федерациясына экспорт 25%-ке 9 млрд. АҚШ долларына дейін өсті, ал Ресей Федерациясынан импорт 1,5%-ке немесе 17 млрд. АҚШ долларына дейін төмендеді. Экспорт үшін негізгі тауар позициясы металдар және басқа да шикізат ресурстары болып табылады.

Экспорттың өсуіне қарамастан, Қазақстанда Ресей Федерациясымен сауда теңгерімінің теріс сальдосы 8,5 млрд. АҚШ долларынан астам құрайды.


Ресей Федерациясына салынған санкциялар көрші елдің өндірушілерін арзан тауарларды, атап айтқанда азық-түлікті сатудың жаңа нарықтарын іздеуге мәжбүр етеді. Бұл үрдіс қазақстандық азық-түлік өндірушілерді, әсіресе Ресей Федерациясымен шекаралас аймақтарда орналасқандар үшін қиын жағдайға әкелді.

Мысалы, Ресей Федерациясынан импорттың шамамен 15%-і азық-түлік болып табылады, бұл құндық мәнде 3,2 млрд. АҚШ долларынан асады, сонымен қатар, ол соңғы 5 жылда 20%-ке тең тұрақты өсу серпініне ие.


Талдау көрсеткендей, Қазақстанның Ресей Федерациясымен шекаралас аймақтарының барлығы дерлік теріс сауда сальдосына ие, ол 2,9 млрд. АҚШ долларын құрайды (импорт – 5,5 млрд. АҚШ доллары; экспорт – 2022 жылдың қорытындысы бойынша 2,6 млрд. АҚШ доллары).

 
Негізгі дилемма – Ресей Федерациясынан импортталатын азық-түлік тауарлары Қазақстанда жеткілікті мөлшерде өндіріледі (орташа жүктеме 50%), олардың ішінде сүт өнімдері, сыра, минералды және газдалған сулар, шұжық өнімдері, печенье мен вафли, және күнбағыс майы. 2022 жылы шекаралас аймақтар Ресей Федерациясынан 112 млн. АҚШ долларынан астам сомаға азық-түлік тауарларын импорттады.

 


Қарау саны: 1059
Сақталған: 12.10.2023






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!