2023 жылғы қыркүйектегі инфляция

12.10.2023

Елдегі тұтынушылық инфляция жетінші ай қатарынан төмендеуін жалғастырып, 2022 жылдың ақпанынан бастап ең төменгі деңгейде орналасты.
 
2023 жылғы қыркүйегінде елдегі инфляция:
  • өткен жылдың тамызына қатысты 11,8% (тамызда 13,1%); 
  • ағымдағы жылдың шілдесіне қатысты 0,6% (тамызда 0,7%) құрады. 

Жылдық мәнде бағалар:
  • азық-түлік тауарлары 11,4%-ке өсті (ағымдағы жылдың тамызына қарай 0,3%);
  • азық-түлік емес тауарлар 12,1%-ке өсті (0,6%); 
  • ақылы қызметтер 11,9%-ке қымбаттады(0,9%). 

Инфляция серпініне дәстүрлі түрде азық-түлік тауарлары негізгі үлес қосады – 40,4% (яғни, 11,8% жалпы инфляциядан  4,8%-і азық-түлік тауарларына келеді).

Алайда, азық-түлік тауарларының үлесі ең жоғары болған өткен жылғы сәуір және мамырмен салыстырсақ, олардың инфляцияның жалпы серпініндегі үлесі 14,6 п.т. 55%-тен 40,4%-ке дейін төмендеді. Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап төмендеу 10 п.т. құрады. Бұл ретте өткен аймен салыстырғанда азық-түлік тауарларының үлесі 0,8 п.т. өсті.

Азық-түлік емес тауарлардың үлесі ақпандағы 28,5%-тен 30,4%-ке дейін көтерілды, ал бұл тамыздағы көрсеткіштен (30,5%) сәл төмен.
Ақылы қызметтердің үлесі инфляцияның 28,8%-ін құрайды, бұл тамыздағы 0,5 п.т. көрсеткіштен аз. Өткен жылдың қыркүйегінде ақылы қызметтердің үлесі жалпы инфляцияның 20,2%-ін құрады.


Азық-түлік тауарларының ішінде ең көп:
  • қырыққабат – 74,3%-ке;
  • күріш – 41,3%-ке;
  • консервіленген сүт – 26,4%-ке;
  • газдалмаған сусындар – 23,9%-ке;
  • сәбіз – 23,4%-ке;
  • минералды су – 20,8%-ке;
  • пастерленген сүт – 18,2%-ке;
  • айран – 17,5%-ке;
  • қаймақ – 16,6%-ке;
  • нан және ұн өнімдері – 15,9%-ке;
  • алкогольсіз сусындар – 15,0%-ке; 
  • сары май – 14,8%-ке;
  • жұмыртқа – 13,6%-ке;
  • макарон өнімдері – 12,6%-ке;
  • шай – 11,5%-ке;
  • ет және ет өнімдері – 8,6%-ке қымбаттауы байқалады.

Бағаның жылдық төмендеуі құм шекерде – 18,1%-ке, қарақұмықта – 18,3%-ке, күнбағыс майында – 14,8%-ке тіркелді. 

Азық-түлік емес тауарлар тобында бағаның ең көп өсуі жуу және тазалау құралдарына – 20,3%-ке, жеке пайдаланылатын тауарларға – 18,3%-ке, жиһаз бен тұрмыстық заттарға – 15,8%-ке, ыдыс-аяққа – 15,3%-ке, киім мен аяқ киімге – 13,3%-ке, құрылыс материалдарына – 9,4%-ке келді.  Дизель отыны 34,4%-ке, бензин 13,4%-ке, сұйытылған газ 13,1%-ке өсті.

Ақылы қызметтер саласында кешенді демалысты ұйымдастыруға бағалар 16,5%-ке, санаторийлер қызметтері – 15,8%-ке, денсаулық сақтау қызметтері – 15,4%-ке, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету мекемелерінің қызметтері – 13,8%-ке, қоғамдық тамақтану қызметтері – 12,6%-ке, қонақ үйлер – 11,6%-ке, білім беру қызметтері – 10,2%-ке көтерілді. Әуе жолаушылар көлігі қызметтері 6,8%-ке, теміржол қызметтері 10,5%-ке қымбаттады. 

Қоқыс шығару тарифтері 34,9%-ке, ыстық су – 16,9%-ке, электр энергиясы мен суық су – 15,2%-ке, тұрғын үйді күту үшін төлем – 10,1%-ке өсті. Жалға берілетін тұрғын үй бағасының өсуі баяулауды жалғастырып 7,3% құрады. 

Жалпы, өткен жылдың жоғары базасында инфляцияның одан әрі баяулауы байқалады. Алайда, екі таңбалы инфляцияның сақталуына деген қорқыныш әлі де бар.



Қарау саны: 954
Сақталған: 23.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!