Осы жылдың қыркүйек айының қорытындысы бойынша Қазақстанда жылдық тұтынушылық инфляция жетінші ай қатарынан төмендеп, 11,8%-ті құрады, бұл 2022 жылғы ақпаннан бергі ең төменгі деңгей болып табылады. Ел өңірлерінде бағаның өсуімен жағдай қалай қалыптасқанын қарастырайық.
Жылдық мәнде бағаның ең жоғары өсімін Ақмола облысы (13,2%), Жетісу облысы (12,7%) және Солтүстік Қазақстан облысы (12,6%) көрсетеді.
Барлық облыстарда инфляция деңгейі былтырғы көрсеткіштерден едәуір төмен болды, әсіресе Маңғыстау облысында инфляцияның 21,7%-тен 10,9%-ке дейін төмендеуі байқалады. Инфляцияның ең төменгі деңгейі Атырау (10,8%), Абай (10,7%) және Алматы облыстарында (10,4%) тіркелді.