Рейтинг көрсеткіштері не туралы айтады? «Қауіпсіздік» бағыты

16.10.2023

Бүгінгі назарымызды қоғамдағы өмір сапасының маңызды аспектісі болып табылатын «Ерте неке» көрсеткішіне аударамыз.

Көрсеткіш «Жеке бас бостандығы және таңдау» қосалқы факторы шеңберінде Әлеуметтік прогресс индексінде (бұдан әрі – индекс) қаралады. Шынында да, ерте неке жастардың бостандығын шектеуі мүмкін, сонымен қатар олардың өмірлік таңдау жасау қабілетін, әсіресе олар әлеуметтік-мәдени және отбасылық үміттермен байланысты болған кезде төмендетуі мүмкін.
 
Есепте некеге тұрған 15 пен 19 жас аралығындағы бойжеткендер проценті ескеріледі. 2022 жылғы «Ерте неке» көрсеткішін бағалау көзі ретінде БҰҰ-ның 2021 жылғы Тұрғын халық бөлімінің деректері пайдаланылды. Бұл тұрғыда ел мәндері бағалау ретінде қарастырылғанын атап өткен жөн.
 
Осылайша, БҰҰ бағалауы бойынша, Қазақстанда 15-19 жас аралығындағы қыздардың 5,52%-і тұрмыс құрған, бұл елдің бәсекеге қабілетсіз позицияларда орналасуына ықпал етеді (бағаланатын 169 елдің ішінде 67-орын). Ұлттық статистикада 15-19 жас аралығындағы топтағы некелер туралы нақты деректер жоқ, бірақ бұл ретте 18 жасқа дейінгі некелер туралы мәліметтер бар.
 
Соңғы 5 жылда Қазақстанда 18 жасқа дейінгі жас бойжеткендердің некеге тұру санының да, 15-19 жас аралығындағы қыздар арасында туудың да жалпы төмендеу үрдісі байқалады.


18 жасқа дейінгі қыздар некелерінің санын өңірлік бөліністе қарастырсақ, 2022 жылы мұндай некелердің ең көп саны Жамбыл және Алматы облыстарында, ал ең аз саны – Ұлытау және Шымкент қалаларында тіркелкен екен.


Индексте жетекші орындарды Сингапур, Словения, Оңтүстік Корея, Швейцария және Исландия сияқты елдер алады, мұнда ерте некеге тұрған қыздардың үлесі 0,5-%тен аз.
 
Ерте некеге тұрған қыздардың жоғары үлесі кедейліктің жоғары деңгейімен және білімге қолжетімділіктің төмендігімен байланысты елдегі әлеуметтік прогрестің төмен деңгейін көрсетеді. Осылайша, қыздардың үлесі 50%-тен асатын елдер, мысалы, Нигер (54,3%), Орталық Африка Республикасы (51,6%) және Мали (41,1%) индексте төмен орындарға ие. 

Осыған байланысты, балалардың құқықтарын қорғау, жастардың білімі мен хабардарлығын арттыру, сондай-ақ гендерлік теңдікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру ерте некенің алдын алу үшін қажетті шарт болып табылады. 




Қарау саны: 991
Сақталған: 23.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!