Сарапшы пікірі: Дәулет Жамбайбеков

05.09.2020

Мемлекет басшысы Үкіметке бизнеспен бірлесіп, бес жылға арналған АӨК дамыту жөніндегі сапалы жаңа ұлттық жобаны әзірлеуді тапсырды, оның негізгі міндеттері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен өзін-өзі қамтамасыз ету; миллиондаған ауыл тұрғындарының табысын тұрақты арттыру; еңбек өнімділігін 2,5 есе арттыру; АӨК өнімдерінің экспортын 2 есе ұлғайту.

Жолдауда айтылған бастамаларды іске асыру АӨК саласының тұрақты дамуына алып келеді, бұл ұзақ мерзімді перспективада халықты отандық ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз етеді. Азық-түлік тауарларымен өзін-өзі қамтамасыз ету елдің азық-түлік қауіпсіздігінің маңызды факторы болып табылады. 

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін әлемдік ауқымда бағалау үшін Еconomistintelligenceunit сарапшылары Азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық индексін (GlobalFoodSecurityIndex) әзірледі, онда 2019 жылдың қорытындысы бойынша қаралған 113 елдің ішінде Қазақстан 48-ші орында тұр.

Бұл ретте, АӨК саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру қазірдің өзінде кейбір нәтижелер беруде. Осылайша, мемлекеттік қолдаудың арқасында 2019 жылы қызыл ет өндірісі 5,8% - ға, құс еті 15,8% - ға, сүт өңдеу 7% - ға, ет өңдеу 8% - ға артты. Сондай-ақ сүт зауыттарының жүктемесі 18% - ға және ет комбинаттарының жүктемесі 21,6% - ға артқаны байқалады. 2019 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 6,4% - ға ұлғайды. Демек, іске асырылып жатқан мемлекеттік қолдау шаралары саланы дамытуға және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің өсуіне оң әсер етеді. Алайда, Президент өз Жолдауында айтып кеткен ауыл шаруашылығы және АӨК саласында әлі де проблемалық мәселелер бар. 
Осылайша, Президент жариялаған шаралар АӨК-ты экономикалық өсу тетіктерінің бірі ретінде дамытуға бағытталады.



Қарау саны: 5740
Сақталған: 22.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!