«Қабылданған заң жобаларының әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау сапасын арттыру» тақырыбында семинар

19.10.2023

18-қазанда «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ ғылыми экономикалық сараптама және зерттеулер орталығы атынан «Қабылданатын заң жобалары әрекетінің әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалауды жүргізу сапасын арттыру» тақырыбында мемлекеттік органдар үшін онлайн форматта интерактивті семинар өткізді.

 
Семинар заң жобаларының сапасын және мемлекеттік қызметшілердің заң жобаларының әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау саласындағы кәсіби құзыретін жақсартуға бағытталған.

Семинар барысында ғылыми сараптама орталығының директоры Азиза Қасенова, сондай-ақ директордың орынбасары Карина Тен қатысушыларды Қазақстан Республикасының қабылданған заң жобаларының әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау паспортының құрылымымен таныстырды. Ол әр тармақ бойынша түсініктеме беріп, сұрақтарға жауап берді.

Семинарға мемлекеттік органдардың 48 өкілі тіркеліп, қатысты, оның ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Ұлттық Банктің, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Сыртқы істер министрлігі өкілдері және т.б. бар




Қарау саны: 1043
Сақталған: 30.10.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!