ХВҚ жаһандық экономиканың өсу қарқыны туралы болжамды сақтап қалды

20.10.2023

Экономикалық өсу
Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) «Әлемдік экономиканың даму перспективалары: әлемдік экономикадағы сәйкессіздіктерге бейімделу» атты қазан айындағы есебін жариялады, онда 2023 жылы әлемдік экономиканың өсу болжамын 3% деңгейінде сақтап қалды. Бұл ретте, 2024 жылға арналған болжам 1 тармаққа 2,9%-ке дейін төмендету жағына қарай қайта қаралды.
 
Дамыған экономикалардағы өсім 2022 жылғы 2,6%-тен 2023 жылы 1,5%-ке және 2024 жылы 1,4%-ке дейін баяулайды деп күтілуде (болжам өзгеріссіз қалды). Дамушы елдерде өсу қарқынының 2022 жылғы 4,1%-тен 2023 жылы да (болжам өзгеріссіз қалды) және 2024 жылы да 4,0%-ке дейін орташа төмендеуі болжануда (шілдедегі болжаммен салыстырғанда -0,1 п.т.).

 
ХВҚ әлемдік экономиканың даму қаупі алты ай бұрынғыға қарағанда теңдестірілген екенін атап өтті. Бұл АҚШ қарызына қатысты дауларды шешудің және АҚШ пен Швейцарияның қаржы секторындағы тұрақсыздықты болдырмау үшін қатаң шаралар қабылдауының арқасында мүмкін болды.
 
Осыған қарамастан, ХВҚ сарапшылары әлемдік экономиканың өсу болжамы әлі де нашарлауға бет бұрғанын атап өтті. Әлемдік экономика үшін тәуекелдердің бірі Қытайдың жылжымайтын мүлік нарығындағы қолайсыз жағдайды, қысқа мерзімді инфляциялық күтулердің өсуін, сондай-ақ азық-түлік пен энергия ресурстары бағасының қосымша өсуіне әкелуі мүмкін ықтимал климаттық және геосаяси сілкіністерді көрсетеді.
 
Қазақстан
ХВҚ сарапшылары Қазақстанның 2023 жылға арналған өсу қарқыны бойынша болжамды 0,2 п.т. 4,6%-ке дейін нашарлатты. Алайда, 2024 жылға болжам 0,3 п.т. 4,2%-ке дейін жақсарды. 
 
Ресей және Қытай
Ресей экономикасының 2023 жылға арналған өсу қарқынының болжамы 2,2%-ке дейін өсті (шілдедегі болжаммен салыстырғанда +0,7 п.т.). Алайда, 2024 жылға болжам 1,1%-ке дейін нашарлады (шілдедегі болжаммен салыстырғанда -0,2 п.т.). 
Қытай бойынша 2023 және 2024 жылдарға арналған болжамдар 5,0%-ке (шілдедегі болжаммен салыстырғанда -0,2 п.т.) және 4,2%-ке (шілдедегі болжаммен салыстырғанда -0,3 п.т.) дейін төмендету жағына қайта қаралды.

Инфляция
Әлемдік инфляция 2023 жылы 6,9%-ке (шілдедегі болжаммен салыстырғанда +0,1 п.т.) және 2024 жылы 5,8%-ке (шілдедегі болжаммен салыстырғанда +0,6 п.т.) дейін төмендейді деп күтілуде. Бағаның өсуінің баяулауы ақша-кредит саясатын қатаңдату және шикізат тауарларына әлемдік бағаны төмендету есебінен болжанады.

Бұл ретте дамыған елдерде инфляция дамушы елдерге қарағанда тезірек төмендейді деп күтілуде. Мысалы, дамыған елдердегі инфляция 2022 жылғы 7,3%-тен 2023 жылы 4,6%-ке дейін 2,7 п.т. және 2024 жылы 3,0%-ке дейін 1,6 п.т. төмендейді деп болжануда. Дамушы елдерде инфляция 2022 жылғы 9,8%-тен 2023 жылы 8,5%-ке дейін 1,3 т.п. және 2024 жылы 7,8%-ке дейін 0,7% п.т. ғана төмендейді.   
Базалық инфляция біртіндеп төмендейді және тек 2025 жылға қарай мақсатты мәнге оралады деп күтілуде.

Мұнай бағасы
ХВҚ мұнай бағасының болжамын 2023 жылы барреліне 80,49 долларға дейін (шілде айындағы есепте барреліне 76,43 доллар болды) және 2024 жылы 79,92 долларға дейін (шілде айындағы есепте барреліне 71,68 доллар болды) жақсартты.

 


Қарау саны: 975
Сақталған: 23.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!