Қазақстанның 9 өңірінде өз жұмысына наразы адамдардың үлесі жоғары
25.10.2023
Лондон экономика және саясат ғылымдары мектебінің (LSE) және Экономикалық зерттеулер институтының (ERI) сарапшылары орындаған Қазақстан өңірлерінде қала және ауыл тұрғындарының сапалы өмір жағдайын қалай қабылдайтыны туралы жалпыұлттық зерттеу шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Азия даму банкінің Білім және тәжірибе алмасудың бірлескен бағдарламасының «Өңірлік теңсіздікті зерттеу» жобасы шеңберінде артық жұмыс уақыты мен жұмысқа қанағаттану ықтималдығы және олардың халықтың әл-ауқат деңгейімен байланысы зерттелді. №10 қорытындыда айтылғандай, жұмыспен қамту мәртебесі адамның әл-ауқат деңгейіне әсер етеді, ал артық жұмыс уақыты мен жұмысқа қанағаттану факторы болып табылады. Қазақстан бойынша сауалнама нәтижелері бойынша әрбір бесінші респондент «ешқашан артық жұмыс істемейді», ал респонденттердің 42,4%-і «жиі және әрдайым» артық жұмыс істейді. Өңірлер бөлінісінде болашақта респонденттердің артық жұмыс проблемасы Ақмола, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Ұлытау, Түркістан облыстарында және Алматы және Астана қалаларында байқалады. Халықтың өз жұмысына қанағаттануын бағалау нәтижелері бойынша респонденттердің 78,4%-і өз жұмысына риза екендігі атап өтілді. Өңірлер бөлінісінде Жетісу, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Алматы облыстарында өз жұмысына қанағаттанушылықты оң бағалаудың көрсеткіштері өте жоғары. Көбінесе Шығыс Қазақстан, Ақмола, Жамбыл, Қызылорда және Маңғыстау облыстары мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларында өз жұмыстарына риза емес. Әл-ауқат көрсеткіштері мен жұмысқа қанағаттану арасындағы байланысты талдау кезінде респонденттің өз жұмысына қанағаттануы мыналарға айтарлықтай байланысты екендігі туралы нәтижелер алынды:
Осылайша, артық жұмыс уақыты мен жұмысқа қанағаттану жиілігі халықтың әл-ауқатының маңызды факторлары болып табылады. Көп жағдайда жұмысшылар өздеріне ұнамайтын жұмыста жұмыс істеуі мүмкін, бірақ басқа орынды таңдау мүмкіндігі аса кең емес, нәтижесінде адамның субъективті әл-ауқатының деңгейі төмендейді. Өңірлер арасында жоғарыда көрсетілген республикалық маңызы бар Астана, Алматы, Шымкент, қалаларындағы және Ақмола, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарындағы проблемаларға ерекше назар аудару қажет.
Қарау саны: 984 |
|
|