Қандай министрліктер республикалық бюджеттен ең көп қаржы алады?

26.10.2023

Жыл сайын республикалық бюджеттен бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне (ББӘ)* бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыруға қаражат бөлінеді. Қазақстан министрліктері ББӘ қатарына кіреді.

*ББӘ бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты.
5 жыл ішінде министрліктерге бөлінетін Қазақстанның республикалық бюджетінің шығыстары 2 есеге жуық өсті: 2018 жылғы 9,6 трлн теңгеден (жалпы шығыстардан 94,8%) 2022 жылы 17,5 трлн теңгеге (жалпы шығыстардан 94,6%) дейін.
 
Бюджет қаражатының төрттен бір бөлігі дәстүрлі түрде екі министрлікке – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Қаржы министрлігіне бөлінеді, оларға 2018-2022 жылдары министрліктер бойынша жалпы шығыстардың тиісінше 25,5%-і (орта есеппен 3,6 трлн теңге) және 21,5%-і (орта есеппен 3,1 трлн теңге) тиесілі болды.
 
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2018-2022 жылдардағы шығыстары 5 жыл ішінде 68,4%-ке: 2018 жылғы 2,6 трлн теңгеден 2022 жылы 4,3 трлн теңгеге дейін ұлғайған шығыстардан тұрады.

Бұл шығыстар мыналарға келеді: 
  • әлеуметтік қамсыздандыру (орта есеппен 93,0%, орта есеппен 3,4 трлн теңге); 
  • іргелі ғылыми зерттеулер (орта есеппен 0,001%, орта есеппен 42,3 млн теңге);
  • мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру (орта есеппен 0,0005%, орта есеппен 16,6 млн теңге); 
  • сыртқы саяси қызмет (2019 жылы – 192,8 млн теңге, 2021 жылы – 24,9 млн теңге);
  • әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы өзге қызметтер (орта есеппен 6,9%, орта есеппен 265,6 млрд теңге).

Қаржы министрлігінің 2018-2022 жылдардағы шығыстары шығындардан басқа (орта есеппен 96,6%, орта есеппен 3,0 трлн теңге) қаржы активтерін (орта есеппен 0,2%, орта есеппен 6,4 млрд теңге), бюджеттік кредиттерді (орта есеппен 0,02%, 2018-2021 жылдары орта есеппен 666,5 млн теңге) сатып алудан және қарыздарды өтеуден тұрады (2018 жылы – 484,0 млрд теңге).
 
5 жыл ішінде шығындар 62,9%-ке өсті: 2018 жылғы 2,3 трлн теңгеден 2022 жылы 3,7 трлн теңгеге дейін.

Бұл шығыстар мыналарға келеді: 
  • трансферттер (Ұлттық қордан тартылған қаражаттың бір бөлігін облыстық бюджеттерге қайтару) (орта есеппен 65,2%, орта есеппен 1,9 трлн теңге); 
  • қарызға қызмет көрсету (орта есеппен 29,1%, орта есеппен 860,2 млрд теңге); 
  • шығындардың қалған түрлері (сыртқы саяси қызмет, мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру, құқық қорғау қызметі, өзге де шығындар, жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттік қызметтер, қаржылық қызмет) (орта есеппен 5,7%, орта есеппен 168,5 млрд теңге).




Қарау саны: 940
Сақталған: 23.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!