Қазақстан 2023 жылғы Заң үстемдігі индексінде 65-і орынға ие болды

26.10.2023

2023 жылдың 25 қазанда Заң үстемдігі индексінің (WJP Rule of Law Index) 2023 жылғы нәтижелері жарияланды. Өткен жылмен салыстырғанда Кувейт пен Черногорияны қосу есебінен бағаланатын елдер саны 142-ге дейін өсті.
 
Анықтама үшін: Заң үстемдігі индексі сегіз фактордан тұрады:
  • Билік институттарының өкілеттіктерін шектеу
  • Сыбайлас жемқорлықтың болмауы
  • Ашық үкімет
  • Негізгі құқықтарды қорғау
  • Тәртіп және қауіпсіздік
  • Нормативтік-құқықтық реттеу
  • Азаматтық сот төрелігі
  • Қылмыстық сот төрелігі

Нәтижелер 149 000-нан астам үй шаруашылықтары мен 3 400 тәжірибелі заңгерлер мен сарапшылардың жаһандық сауалнамасы негізінде қалыптасады.

Индекстің көшбасшылары Дания, Норвегия, Финляндия, Швеция, Германия, Люксембург, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Эстония және Ирландия сияқты елдер болды. Рейтингті Ауғанстан (140), Камбоджа (141), Венесуэла (142) жабады.
 
Қазақстан 65-орынға ие болды, бұл ретте индекстің мәні өткен жылмен салыстырғанда өзгерген жоқ – 0,53 балл. 

8 фактордың ішінде Қазақстан 3 фактор бойынша нәтижелерді жақсартты және 5 фактор бойынша нәтижелер өзгермеген:
  • Билік институттарының өкілеттіктерін шектеу – 0,45 (4,7%-ке жақсарту);
  • Ашық үкімет – 0,47 (2,1%-ке жақсарту);
  • Азаматтық сот төрелігі – 0,63 (3,3%-ке жақсарту);
  • Сондай-ақ, көптеген елдерде билік институттарының өкілеттіктерінің шектеулерін және негізгі құқықтарды қорғауды өлшейтін көрсеткіштер төмендеді (56%).

2/3 елде (шамамен 66%) өткен жылмен салыстырғанда азаматтық сот төрелігінің құлдырауы байқалады (61%). Бұл ретте ең жоғары көрсеткіштер «Тәртіп пен қауіпсіздік» факторы бойынша әсересе көрінеді, себебі елдердің 61%-і өз көрсеткіштерін жақсартты.
 
Рейтингке енгізілген ТМД елдерінің ішінде Қазақстан ең жоғары (65-орын), Ресей – ең төмен (113-орын) позицияны иеленді. Қырғызстан 103-орында, одан кейін Беларусь келеді (104-орын). Өзбекстан 78-орынды алды.

Өңірлік салыстыруда Қазақстан индекстің жалпы мәнінің жыл сайынғы жоғары өсімін көрсетеді (орта есеппен 1%-ке). Молдовада (1,3%), Косовода (0,4%), Грузияда (0,3%), Өзбекстанда (0,1%) үлкен өсім байқалады.

Индексті әзірлеушілер ұзақ мерзімді перспективада атап өткендей, 2016 жылдан бастап жаһандық үрдістерге төтеп бере алатын және заңның үстемдігін нығайта алатын елдер Өзбекстан, Молдова, Зимбабве, Қазақстан және Малайзия болып табылады.

Сондай-ақ, Заң үстемдігі индексі Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының стратегиялық көрсеткіші болып табылатынын, оған сәйкес 2023 жылға арналған жоспарлы мән 0,53-0,54 балды құрайтынын атап өткен жөн.


Осылайша, 2023 жылдың қорытындысы бойынша көрсеткіштің жоспарлы мәніне қол жеткізілді.




Қарау саны: 990
Сақталған: 23.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!