Экономикаға инвестициялардың өсуі бюджет қаражаты есебінен қолдау табады

27.10.2023

2023 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында негізгі капиталға инвестициялар (НКИ) көлемі 11,6 трлн теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,1%-ке артық.
 
Негізгі капиталға салынған инвестициялар еліміздің 20 өңірінен 19-ында өсім көрсетті. Маңғыстау облысында – 43,3%-ке, Түркістан облысында – 36,5%-ке, Абай облысында – 35,7%-ке, Павлодар облысында – 35,6%-ке, Шымкент қаласында – 26,7%-ке және Қызылорда облысында – 25,6%-ке айтарлықтай өсім байқалды. Тек Атырау облысында ғана өсу қарқыны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда -0,3%-ке төмендегені байқалады.
 
Экономика салаларының ішінде «көлік және қоймалау» (+59,6%), «білім беру» (+23,7%), «денсаулық сақтау» (+44,6%), «электр энергиясымен жабдықтау» (+62,1%), «сумен жабдықтау» (+28,5%), «көтерме-бөлшек сауда сауда» (+37,4%) және «ақпарат және байланыс» (+23,9%)» секторларында капитал салымдарының өсуін атап өтеміз.


Бұл ретте «өңдеу өнеркәсібі» (-6,4%), «жылжымайтын мүлікпен операция» (-1%), «құрылыс» (-9,7%), «қаржы және сақтандыру қызметі» (-11,2%) сияқты секторларға инвестициялар көлемінің төмендеуі байқалады.

Жалпы, экономикаға инвестициялардың өсу қарқыны үшінші ай қатарынан 12-13% деңгейінде тұр. Ұлғаю көлік-логистика саласына, әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық салаларға салымдардың өсуі есебінен қамтамасыз етіледі. Экономиканы дамытуға арналған бюджеттік салымдардың 1,4-тен 1,7 трлн теңгеге дейін жандануын атап өтеміз. Бұл ретте мемлекеттік қаражаттың 75%-і экономиканың жоғарыда аталған секторларына бағытталған. Осы жерден экономикаға инвестициялардың өсуі бюджеттік инвестициялар басым салалармен қамтамасыз етіледі деген қорытынды жасауға болады.




Қарау саны: 1026
Сақталған: 22.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!