ERI алаңында реттеушілік әсерге талдау жүргізу практикасы бойынша оқыту семинарлары өткізілді

27.10.2023

26-27 қазанда ғылыми экономикалық сараптама және зерттеу орталығы орталық мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен бизнес-қауымдастықтардың өкілдеріне реттеушілік әсерге талдау жүргізу тәжірибесі бойынша семинар өткізді. Айта кету керек, семинарлар ай сайын өткізіледі. 



Cеминарлардың мақсаты мемлекеттік қызметшілер мен кәсіпкерлерді норма шығару процесінде реттеушілік әсерді талдау рәсімін практикалық қолдануға үйрету болып табылады. 


Семинар талдамалық нысандарды толтыру сапасын жақсартуға, орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілері жобалары бойынша реттеушілік әсерді талдау рәсімін жүргізу тәртібі мен тетігін жария етуге бағытталған.


Семинарлар интерактивті дәрістер мен практикалық сабақтар форматында өтеді. 

Семинарлар бағдарламасы мынадай тақырыптарды қамтиды: 
  • халықаралық деңгейде РӘТ енгізу, 
  • Қазақстанда РӘТ институтының қалыптасуы мен дамуы; 
  • РӘТ құрамдас элементтері; 
  • Орталық және өңірлік деңгейлерде РӘТ рәсімін өткізу тәртібі; 
  • РӘТ нысанының әрбір қадамын егжей 
  • тегжейлі түсіндіре отырып, талдамалық нысанды толтыру; 
  • практикалық кейстерді қарау және талқылау.




Қарау саны: 1013
Сақталған: 27.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!