27-қазанда тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылықтың сарапшылары өңірлермен ТДМ индикаторларын талқылау өткізді.
Бұл онлайн-кездесудің негізгі мақсаты жергілікті деңгейдегі ТДМ көрсеткіштерін қарастыру, тұрақты даму саласындағы күн тәртібінің ұлттық индикаторларын жергілікті деңгейдегі стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға интеграциялау бойынша ұсынымдар әзірлеу, сондай-ақ әртүрлі өңірлердің ерекшеліктері мен ауқымын ескере отырып, ТДМ іске асыруды жүйелі жоспарлау үшін бірінші кезектегі қадамдарды айқындау болды.
Бұл кездесу төрт өңірге: Қызылорда облысына, Ұлытау, Жетісу және Абай облыстарына сапарларды қоса алғанда, алдыңғы іс-шаралардың жалғасы болып табылады. Іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.
Өңірлік және ұлттық деңгейде тұрақты дамуға қол жеткізуге ықпал ету мақсатында ТДМ көрсеткіштерін өңірлік деңгейде бейімдеу бойынша одан әрі жұмыс жоспарлануда.