27-қазанда Институт өкілдері Қазақстандық құрылыс саласы форумына қатысты
30.10.2023
Бұл шараны ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің қолдауымен Ұлттық инновациялық және кәсіпкерлік орталығы Қазақстан құрылыс саласы қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырды. Бұл іс-шараның негізгі тақырыбы – ел экономикасының негізгі салаларының бірі – Құрылыс кодексін қозғайтын жаңа заңнамалық актіні әзірлеу туралы болды. Форумда ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қ.Б.Шарлапаев, «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ бас директоры Б.Б.Құлбаев және ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Стамбеков Е.Д. сөз сөйледі. Бөлек сараптама алаңдарында құрылыс-монтаждау жұмыстарының мердігерлік келісім-шарт жасасудан бастап пайдалануға беру актісіне қол қоюға, құрылыс жобаларын жобалауға, мемлекеттік және жеке сараптамасына дейін жүзеге асыруға қатысты мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, кездесу барысында FIDIC элементтері бар құрылыс келісімшарттарының нысандарын қолдану мәселелері талқыланды. Форумға қатысушылар талқыланған мәселелердің өзектілігін атап өтіп, құрылыс саласын дамыту бойынша сындарлы ұсыныстарын жеткізді. Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексін әзірлеушілер барлық мүдделі тараптардың ұсыныстарын қарастыруға және жұмыс істеуге дайын екендігін атап өтті.
Қарау саны: 1035 |
|
|