ERI сарапшылары өңірлік ТДМ платформасы үшін Өзбекстанның ТДМ ұлттық міндеттерін валидациялау бойынша семинарлар өткізді
30.10.2023
Орталық Азия елдеріне арналған ТДМ ақпараттық платформасы үшін тұрақты дамудың ұлттық мақсаттарын валидациялау бойынша семинарлар жалғасуда. 23-27 қазан аралығында «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ сарапшылары, Тұрақты даму мақсаттары Хатшылығының директоры Бақытгүл Хамбар және Хатшылықтың жетекші сарапшысы Айша Окушева Ташкент қаласында (Өзбекстан) бірқатар семинарлар өткізді. Семинардың мақсаты – ТДМ іске асыру мониторингі алаңы үшін деректерді қалыптастыру бойынша жұмыстың алдын ала нәтижелерін талқылау және келісу. Бұл шараға Өзбекстандағы ТДМ жүзеге асыру жөніндегі үйлестіру органының, Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы Статистика агенттігінің, мәліметтерді жинауға және ТДМ ұлттық мақсаттарын іске асыруға жауапты орталық министрліктер мен ведомстволардың өкілдері шақырылды. ТДМ мониторингі үшін ақпараттық платформаны іске қосу жобасы Ыстанбұл хабы, Еуропалық Одақ және Өзбекстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының техникалық қолдауымен жүзеге асырылуда. БҰҰДБ Өзбекстандағы жоба менеджері Ф.Салахуддинов семинарға қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі. Ол ТДМ-ны іске асыру платформасын қалыптастырудағы БҰҰДБ рөлі туралы, ТМД-ны іске асырудың проблемалары мен мүмкіндіктері туралы айтты. Ол сондай-ақ 2030 күн тәртібіне қол жеткізу және ТДМ-ны өңірлік тұғырнамаға біріктіру бойынша жұмысты күшейтудің маңыздылығын атап өтті. Экономика және қаржы министрлігінің өкілі А.Муйдинов Өзбекстанда ТДМ жүзеге асырудың институционалдық негіздерімен бөлісті. Өзбекстан Республикасы Президентінің жанындағы Статистика агенттігінің сарапшысы О.Алешунина ұлттық индикаторлар мен ТДМ мақсатты көрсеткіштеріне тоқталды. Экономикалық зерттеулер институты ТДМ хатшылығының директоры Б.Хамбар Өзбекстанның ТДМ ұлттық көрсеткіштерін талдау нәтижелерін және ТДМ мақсатты көрсеткіштері мен индикаторларының өзара байланысын талдаудың негізгі тәсілдерін жариялады. БҰҰДБ Ыстанбұл аймақтық хабының жасыл экономика және жұмыспен қамту бағдарламасының маманы М.Пелях қатысушыларды аймақтық платформаның тұжырымдамасымен және мониторинг деректер базасымен жұмыс істеу бойынша нұсқаулықтармен таныстырды. Семинар барысында қатысушылар ТДМ ұлттық мақсаттары арасындағы барлық анықталған байланыстарды пысықтады. Ұлттық контексттегі мақсаттардың жаңа өзара байланыстары да анықталды. Осы өзара әрекеттестіктерді ашу және түсіну Өзбекстанға 2030 жылға дейінгі ТДМ қол жеткізуге және өзара тиімді шешімдер табуға көмектеседі. Ұлттық басымдықтар мен жетістіктерге сүйене отырып, Өзбекстанда ТДМ-ға қол жеткізуді жеделдетудің ең үлкен әлеуеті бар жолдарды таңдауға болады. Сонымен қатар, қатысушылар жеке ұлттық индикаторлар бойынша әдістеменің жетіспеушілігі мәселелерін атап өтті. Орталық Азия елдерінде әзірленіп жатқан ТДМ аймақтық ақпараттық платформасы тұрақты даму үрдістерін қадағалауға мүмкіндік береді, сондай-ақ Орталық Азия аймағында тәжірибе алмасуға және статистикалық әлеуетті нығайтуға ықпал етеді. Бұған қоса, елдер бұл бақылау тақтасын аймақтағы ТДМ-ға жетудегі ілгерілеуді талдау үшін, сондай-ақ трансшекаралық проблемаларды шешу үшін пайдаланады деп күтілуде. Семинар соңында БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы басшылығымен кездесу ұйымдастырылып, онда Өзбекстан Республикасының мемлекеттік органдарының ТДМ ақпараттық платформасын пайдалану бойынша одан әрі ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Қарау саны: 1013 |
|
|