Пилоттық аудандар мен облыстық маңызы бар қалаларда әкім лауазымына үміткерлерді ұсыну қорытындылары

31.10.2023

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 5 қараша айында пилоттық аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлау өтеді.

Қазанның 6-ы іс-шараға арналған Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Отырыста 45 пилоттық аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдігіне үміткерлерді ұсыну қорытындылары қаралды.

Солай, бүгінгі таңда аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің лауазымдарына үміткерлерді ұсыну кезеңі аяқталды.

Ел өңірлерінде үміткерлерді ұсыну қалай өтті?

Бұл басылымда Экономикалық зерттеулер институты еліміздің 6 облысында (Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары, сондай-ақ Ұлытау облысы) пилоттық аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдеріне үміткерлердің қалай ұсынылғаны туралы айтып береді.

Ақмола облысында 5 ауданда (Ақкөл ауданы, Астрахан ауданы, Есіл ауданы, Жақсы ауданы, Шортанды ауданы) 23 адамның кандидатурасы ұсынылды. Оның ішінде 5 үміткерді «Amanat» партиясы ұсынды, 1 үміткер «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы ұсынды, қалған 17 үміткер өзін-өзі ұсынды. Үміткерлердің орташа жасы 46 жасты құрады. Ең жасы үлкен үміткер – 62 жаста, ең жас – 29 жаста. Жынысы бойынша үміткерлер құрамы: 22 ер, 1 әйел адам.

Қостанай облысында 4 ауданда (Алтынсарин ауданы, Денисов ауданы, Қарабалық ауданы, Федоров ауданы) және Рудный қаласында үміткерлерді ұсыну өтті. Облыс бойынша барлығы 17 адам өз кандидатураларын ұсынды. Олардың ішінде 5 үміткер «Аmanat» партиясы, 1 үміткерден Қазақстан халықтық партиясы мен «Respublica» партиясы ұсынды, қалған 10-ы өзін-өзі ұсынушылар болды. Үміткерлердің орташа жасы 42 жасты құрады. Ең жасы үлкен үміткер 58 жаста, ал ең жасы - 30 жаста болды. Айта кету керек, үміткерлердің барлығы – ер адамдар. 17 үміткердің 15-і мемлекеттік қызметшілер болды.

Солтүстік Қазақстан облысында 3 ауданның (Есіл ауданы, Мамлют ауданы, Тимирязев ауданы) әкімдерін сайлауға қатысу үшін 12 адамның кандидатурасы ұсынылды. Олардың ішінде 3 үміткер «Amanat» партиясы мен Қазақстан Халық партиясынан ұсынылды, қалған 6 үміткер өзін-өзі ұсынды. Үміткерлердің орташа жасы 50 жасты құрады. Ең жасы үлкен  үміткер 61 жаста, ал ең жасы - 32 жаста болды. Гендерлік тиесілігі бойынша құрам: 11 ер адам және бір әйел. 12 үміткердің 10-ы мемлекеттік қызметшілер, ал олардың 7-і қазіргі әкімдер болып табылатынын атап өту қажет.

Павлодар облысында әкімдер сайлауы 3 ауданда (Ақтоғай ауданы, Железин ауданы, Шарбақты ауданы) өтеді. Барлығы 19 үміткер тіркелген. «Amanat» партиясы 3 үміткерді, «Байтақ» Қазақстандық жасылдар партиясы - 2, «Ақ жол» ҚДП - 1, «Respublica» партиясы - 1, «ҚДП» партиясы -1 ұсынды, қалған 11 кандидат өзін-өзі ұсыну бойынша ұсынылды. Үміткерлердің орташа жасы 45 жасты құрады. Ең жасы үлкен үміткер 55 жаста, ал ең жасы-  36 жас құрады. Үміткерлердің көп бөлігі ерлер - 5. Бұл ретте 2 әйел ұсынылды.

Шығыс Қазақстан облысында Глубокое ауданында және Алтай ауданында әкімдер сайлауы өтеді. Облыс бойынша барлығы 7 адамның кандидатурасы ұсынылды. Олардың ішінде 2 үміткерді «Amanat» партиясы ұсынды, қалған 5 үміткер өзін-өзі ұсынды. Үміткерлердің орташа жасы 45 жасты құрады. Ең жасы үлкен үміткер – 56 жаста, ең жасы - 32 жаста. Барлық үміткерлер ер адамдар болып табылады. Қызмет түрі бойынша мемлекеттік қызметшілер басым – 6, 1 үміткер «Виситаев Р.Д.» шаруа қожалығының басшысы болып табылады.

Ұлытау облысында сайлау Ұлытау ауданында өтетін болады.  Аудан әкімі лауазымына 5 адам талаптанады. Олардың ішінде 4 үміткер өзін-өзі ұсынды, 1 үміткер «Amanat» партиясынан ұсынылды.Үміткерлердің орташа жасы 46 жасты құрады. Ең жасы үлкен үміткер 57 жаста, ең жас үміткер 31 жаста болды. Барлық үміткерлер ер адамдар болып табылады.

Жалпы, алты өңір бойынша пилоттық аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлауға қатысу үшін 83 үміткер тіркелді.

Үміткерлердің орташа жасы 45 жасты құрады. Ең жасы үлкен үміткер Ақмола облысының Астрахан ауданында тіркелді. Ол 62 жаста. Ал ең жас үміткер Ақмола облысының Есіл ауданында тіркелді (29 жаста).

Үміткерлер арасында ер адамдар көпшілікті құрады. Бұл ретте барлығы 4 әйел ұсынылды.


Диана Садуахасова, аға сарапшы


Қарау саны: 1040
Сақталған: 22.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!