Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облыстарында жұмысқа орналасу мүмкіндігі барынша аз
01.11.2023
Өңірлік теңсіздік туралы 30 қорытынды. № 12 қорытынды – Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облыстарында жұмысқа орналасу мүмкіндігі барынша аз Лондон экономика және саясат ғылымдары мектебінің (LSE) және Экономикалық зерттеулер институтының (ERI) сарапшылары орындаған Қазақстан өңірлерінде қала және ауыл тұрғындарының әл-ауқатты және сапалы өмір жағдайын қалай қабылдайтыны туралы жалпыұлттық зерттеу шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Азия даму банкінің Білім және тәжірибе алмасудың бірлескен бағдарламасының «Өңірлік теңсіздікті зерттеу» жобасы шеңберінде өңірлерде жұмыспен қамту жағдайы зерттелді. Жұмыспен қамтудың кең мүмкіндіктері қаржылық, демек, материалдық әл-ауқаттың маңызды факторларының бірі болып табылады. Қазақстанда орта есеппен респонденттердің 49%-і жұмысқа орналасу мүмкіндіктерімен қанағаттанған екен. Алматы және Астана қалаларында, Жетісу облысында, Ақмола және Қарағанды облыстарында жұмысқа орналасу мүмкіндігі оң бағаланды. Жұмысқа орналасу мүмкіндігінің ең проблемалық жағдайы Қызылорда, Жамбыл және Түркістан облыстарында болып табылады. Жұмыссыздық себептері бойынша статистикалық деректер Ақмола, Жетісу және Қарағанды облыстарында жұмыссыздықтың себебі көбінесе үй шаруашылығымен айналысу болып табылатынын көрсетеді. Ал Астана қаласында жұмыссыздықтың себебі – маусымдық, Алматы қаласындବ – оқу орнын бітіргеннен кейін жұмыстың және жұмыс табуға мүмкіндіктің болмауы. Проблемалық өңірлерде: Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарында жұмыссыздықтың негізгі себептері жұмыс табу және шаруашылық жүргізу мүмкіндігінің болмауы болып табылады. Маңғыстау облысында да жұмысқа орналасу проблемасы байқалады, респонденттердің тек 40,2%-і жұмысқа орналасу мүмкіндіктеріне қанағаттанғандығын атап өтті. Өңірдегі статистикалық мәліметтерге сәйкес жұмыссыздықтың негізгі себептері үй шаруашылығымен айналысу және оқу орнын бітіргеннен кейін жұмыстың болмауы болып табылады. Осылайша, жұмысқа орналасу проблемасы Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде анағұрлым өзекті болып қала береді және негізгі себептер үй шаруашылығын жүргізумен айналысу, оқу орнын бітіргеннен кейін жұмыстың болмауы және жұмыс табу мүмкіндігінің болмауы болып табылады. Белгіленген проблемаларды шешу үшін жағдай жасау қажет:
Қарау саны: 1088 |
|
|