Елдер бойынша инфляция - 2023 жылғы қыркүйек
03.11.2023
Қазақстанда тұтынушылық инфляция бәсеңдеп, қыркүйекте 11,8%-ке дейін төмендеді. Еуропа елдерінде және АҚШ-та инфляция орта есеппен 3-8% аралығында болды. Американдық инфляция шілдедегі 3,2%-тен тамызда 3,7%-ке дейін өсті. Еуроаймақта баға өсімінің бесінші ай қатарынан тамыздағы 5,2%-тен қыркүйекте 4,3%-ке дейін төмендеуі байқалады (2021 жылғы қазаннан бергі ең төменгі көрсеткіш). Негізгі фактор энергия тасығыштар бағасының 4,7%-ке төмендеуі (сәуір айындағы -3,3%-ке қарсы) және азық-түлік бағасының өсуінің 8,8%-ке дейін баяулауы (тамызда 9,7%) болды. Қыркүйек айында 61,5% жылдық инфляциясымен Түркия жақын елдер арасында көшбасшы болып қалуда. Сондай-ақ, Иранда жоғары инфляция байқалады (39,5%). Әлемдегі көшбасшылар - Венесуэла (318%) және Ливан (230%). Қазақстандағы инфляция деңгейі ТМД елдері арасында ең жоғары. Көршілес Қырғызстан және Өзбекстанда бағаның өсуі тиісінше 9,5% және 9,2% құрады. Ресейде бесінші ай қатарынан жылдық инфляцияның тамыздағы 5,2%-тен қыркүйекте 6,0%-ке дейін шамалы өсуі байқалады. Негізінен азық-түлік (тамызда 4,9% vs 3,6%) және азық-түлік емес тауарлар (тамызда 4,6% vs 3,6%) қымбаттады. Көптеген елдерде инфляция жоғары болған кезде, Қытайда тамыз айында бағаның өсуі оң болды және шілдеде 0,3% теріс болғаннан кейін 0,1% құрады. Аспан асты еліндегі азық-түлік бағасы 1,7%-ке төмендеді, ал азық-түлік емес тауарлар 0,5%-ке қымбаттады. Көлік бағасының төмендеуі 4,7%-тен 2,1%-ке дейін баяулады.
Қарау саны: 1026 |
|
|