Өңірлік ТДМ платформасы үшін Қазақстанның тұрақты даму мақсаттарының ұлттық мақсаттарын бекіту бойынша семинар
24.10.2023
17-20 қазан аралығында Экономикалық зерттеулер институтында Орталық Азия елдері үшін өңірлік ТДМ ақпараттық платформасын құру аясында Қазақстанның тұрақты дамуының ұлттық мақсаттарын талқылау және келісуге арналған бірінші семинар өтті. Семинарға Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау жәнереформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының өкілдері қатысты. Семинар барысында Экономикалық зерттеулер институты ТДМ Хатшылығының директоры Бақытгүл Хамбар Қазақстандағы ТМД ұлттық көрсеткіштерін талдау нәтижелерін және ТДМ нысаналы көрсеткіштері мен индикаторларының өзара байланысын талдаудың негізгі тәсілдерін жариялады. БҰҰДБ Ыстамбұл аймақтық хабының жасыл экономика және жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша маманы Михаил Пелях қатысушыларды аймақтық платформаның тұжырымдамасымен және мониторинг деректер базасымен жұмыс істеу бойынша нұсқаулықтармен таныстырды. Семинардың практикалық бөлігінде қатысушылар ТМД ұлттық мақсаттары арасындағы анықталған байланыстарды қарастырды, сондай-ақ ТДМ мақсаттары мен индикаторлары арасындағы байланыс және әсер ету дәрежесін анықтау үшін жаңа құндылықтарды анықтады және енгізді. Өңірлік ТДМ ақпараттық платформасын құру мақсаты – 2030 жаһандық күн тәртібіне қол жеткізудегі прогресті бақылау және тәжірибе алмасу арқылы Орталық Азиядағы тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі ілгерілеуді жеделдету. Жоба Еуропалық Одақтың, Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының қолдауымен және Стамбул хабының техникалық қолдауымен жүзеге асырылуда. Орталық Азия елдерінде ТДМ-ға қол жеткізу бойынша өңірлік ақпараттық панельді құру және іске қосу ТДМ өңірлік платформасының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл ақпараттық панель тұрақты даму үрдістерін қадағалауға мүмкіндік береді, сонымен қатар Орталық Азия аймағында тәжірибе алмасуға және статистикалық әлеуетті нығайтуға ықпал етеді. Бұған қоса, елдер бұл бақылау тақтасын аймақтағы ТДМ-ға жетудегі ілгерілеуді талдау үшін, сондай-ақ трансшекаралық проблемаларды шешу үшін пайдаланады деп күтілуде.
Қарау саны: 908 |
|
|