Астана, Алматы қалаларында және Жамбыл облысында тұрғын үй жағдайына қанағаттану деңгейі ең төмен

08.11.2023

Өңірлік теңсіздік туралы 30 қорытынды. № 13 қорытынды – Астана, Алматы қалаларында және Жамбыл облысында тұрғын үй жағдайына қанағаттану деңгейі ең төмен 

Лондон экономика және саясат ғылымдары мектебінің (LSE) және Экономикалық зерттеулер институтының (ERI) сарапшылары сарапшылары орындаған Қазақстан өңірлерінде қала және ауыл тұрғындарының әл-ауқатты және сапалы өмір жағдайын қалай қабылдайтыны туралы жалпыұлттық зерттеу шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Азия даму банкінің Білім және тәжірибе алмасудың бірлескен бағдарламасының «Өңірлік теңсіздікті зерттеу» жобасы шеңберінде 2022 жылы халықтың тұрғын үй жағдайына қанағаттануын бағалау зерттелді.

Респонденттердің негізгі бөлігі тұрғын үй жағдайына оң баға береді: респонденттердің 59,4%-і «қанағаттанған», ал 18,6%-і «өте қанағаттанған». Респонденттердің 21,9%-і теріс баға берді, олардың 3,8%-і өзінің тұрғын үй жағдайына «мүлдем қанағаттанбайды».

 
Өңірлер бөлінісінде өзінің тұрғын үй жағдайына қанағаттанудың жоғары деңгейі Жетісу (86,7%), Ақтөбе (85,8%), Ақмола (85,2%), Солтүстік Қазақстан (84,7%), Атырау (84,4%), Қостанай (84,4%) облыстарында байқалды.
 
Респонденттердің көпшілігі Астана қаласында (30,9%), Алматы қаласында (29,2%), Жамбыл облысында (29,1%) өздерінің тұрғын үй жағдайына қанағаттанушылықты теріс бағалайды.


Тұрғын үй жағдайына қанағаттану негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыру және адамның жеке қауіпсіздігі сезімін қамтамасыз ету үшін өте маңызды. Тұрғын үй жағдайына қанағаттануға бөлмелер саны, тұрғын үй құны, ылғалдылық пен шу сияқты тұрғын үй сипаттамаларының ерекшелігі арқылы өлшенетін тұрғын үйдің жоғары сапасы әсер етеді. Тұрғын үймен қамтамасыз ету және оның қолжетімділігі халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасына, тиісінше әл-ауқат деңгейіне тікелей әсер етеді.
 
Тұрғын үй жағдайларына қанағаттану әр аймақтың әлеуметтік саясатының маңызды бағыты болып табылады, өйткені бұл мәселе аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуымен тығыз байланысты, бұл көрсеткіш маңызды әлеуметтік индикатор болып табылады. Тұрғын үй жағдайларына қанағаттанудың жоғары деңгейі халықтың әл-ауқатының жоғары деңгейін көрсетеді.

Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша 20 өңірдің 8-інде тұрғын үй жағдайларына қанағаттану деңгейі орташа республикалық мәннен төмен, ал үш өңірде: Астана және Алматы қалаларында, Жамбыл облысында-жағдай ерекше өткір екені атап өтілді. Өңірлік деңгейде тұрғын үймен қамтамасыз ету проблемасын және оның сапасын тереңірек зерттеу, халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етудің өңірлік стратегияларын қайта қарау талап етіледі.




Қарау саны: 999
Сақталған: 23.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!