Кәріз-тазарту құрылыстарын салу және реконструкциялау жұмыстары

17.11.2023

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Сарыағаш, Атырау, Ақтау, Қызылорда, Форт-Шевченко, Леңгір және Шымкент қалаларында кәріз-тазарту құрылыстарын салу мен реконструкциялаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Осы мақсаттарға республикалық бюджеттен 14,7 млрд. теңге бөлінді.

Министрліктің 2023-2028 жылдардағы деректері бойынша әр түрлі қаржыландыру көздері есебінен еліміздің 69 қаласында кәріз-тазарту құрылыстарын салу және реконструкциялау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру жоспарлануда.


Қазіргі уақытта елімізде 89 қаланың 27-сінде кәріз-тазарту құрылыстары жоқ, ал 42 қалада тозу 60%-тен асады.

Елдің елді мекендерін заманауи су бұру жүйелерімен тиімді қамтамасыз ету және экологиялық проблемаларды шешу үшін әртүрлі құралдар есебінен, оның ішінде бюджеттік қаржыландыру, ұлттық даму институттары арқылы облигациялық қарыздар арқылы, мемлекеттік кепілдіктер беру мүмкіндігімен халықаралық қаржы ұйымдарын тарту есебінен, сондай-ақ, мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы кәріз-тазарту құрылыстарын салу және реконструкциялау жөніндегі жобаларды іске асыруды жүзеге асыру ұсынылды.

Кәріз және сарқынды суларды тазарту қондырғыларын қалпына келтіру жұмыстары басталған қалаларға оралсақ, олардағы кәріз проблемалары бұрыннан пайда болғанын атап өткен жөн. 

Сарыағаш қаласында кәріз-тазарту құрылыстары ескірген және апатты жағдайда болған. Сонымен қатар, қала халқының біртіндеп өсуімен қолда бар қуаттар енді түсетін көлемге төтеп бере алмады.

Атырауда сарқынды суларды тазартудың заманауи жүйесі болған жоқ. Сарқынды сулар әдеттегі механикалық тазалаудан өтетін сүзу өрістеріне келіп түсетін. Булану өрістерінен шыққан жағымсыз иіс қала атмосферасының ластануына әкеліп соқтырды және қаланың негізгі экологиялық проблемаларының біріне айналды. Қала тұрғындарын сарқынды суларды тазарту қызметтерімен қамту тек 66%-ті құрағанын атап кеткен жөн, яғни қала халқының 1/3 бөлігі орталық кәрізге қол жеткізе алмады.

Шымкентте кәріз-тазарту құрылыстарының құрылысы келіп түсетін сарқынды сулардың үнемі өсіп келе жатқан көлемін тазарту үшін қуаттардың жетіспеушілігімен байланысты. Қалада қала тұрғындарының тек 59%-і орталық кәріз жүйесіне қосылған.

Басқа қалаларда да осындай проблемалар бар. Ақтауда КОС-1 тозу деңгейі 80%-тен асады. Қызылорда, Форт-Шевченко, Леңгір қалаларында кәріз-тазарту құрылыстары жаңғыртуды немесе қуаттылықты арттыруды талап етеді.




Қарау саны: 1016
Сақталған: 23.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!