2023 жылы Азия Даму Банкі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі Білім және тәжірибе алмасудың бірлескен бағдарламасы шеңберінде білім саласындағы ынтымақтастықтың 10 жылдық мерейтойын атап өтуде.
Онжылдық уақыт аясында Білім және тәжірибе алмасудың бірлескен бағдарламасы - қаржы, жасыл технологиялар, биоинженерия, аймақтық теңсіздік, ауыл шаруашылығы, электрондық коммерция, венчурлық капитал, энергияны үнемдеу және т.б. салалардағы зерттеулер мен іс-шараларға қолдау көрсетті.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия Даму Банкі арасындағы Білім және тәжірибе алмасудың бірлескен бағдарламасының бесінші кезеңі 2027 жылға дейін іске асырылатын болады.
Жаңа кезең шеңберінде қолдау көрсетілетін зерттеулердің басым бағыттарын талқылау мақсатында Азия Даму Банкі мен Экономикалық зерттеулер институты бірлесіп, ағымдағы жылдың 23 қарашасында Стратегиялық пікірталас ұйымдастырады.
Стратегиялық пікірталас шеңберінде экономикалық саясаттың басымдықтары, өңірлік әл-ауқат, фискалдық орталықсыздандыру және жылыту секторын декарбонизациялау мәселелері талқыланатын болады.