Өңірлердің экономика басқармаларымен семинар-кеңес
17.11.2023
«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ 2023 жылғы 24 қарашада сағат 10.00-де Институт қызметінің кейбір бағыттары бойынша өңірлердің экономика басқармаларымен семинар-кеңес өткізуді жоспарлап отырғанын хабарлайды. Мекен-жайы: Астана қаласы, Темірқазық көшесі, 65, «Экономика Үйі», «Мәжіліс залы». Іс-шараның мақсаты - өңірлердің экономика басқармаларымен пікірталас және пікір алмасу форматында жүзеге асырылып жатқан жобалармен таныстыру. Жоспарланған тақырыптар: макроэкономикалық болжау, тұрақты даму, өңірлік саясат, өңірлік стандарттар жүйесі, сауда саясаты және инвестициялар. Келесі мәселелер қаралатын болады:
Іс-шара өңірлердің өкілдері үшін практикалық қызметте, сондай-ақ Институтпен іскерлік байланыс орнатуда пайдалы болады деп санаймыз.
Қарау саны: 882 |
|
|