«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ 2023 жылғы 24 қарашада сағат 10.00-де Институт қызметінің кейбір бағыттары бойынша өңірлердің экономика басқармаларымен семинар-кеңес өткізуді жоспарлап отырғанын хабарлайды.
Мекен-жайы: Астана қаласы, Темірқазық көшесі, 65, «Экономика Үйі», «Мәжіліс залы».
Іс-шараның мақсаты - өңірлердің экономика басқармаларымен пікірталас және пікір алмасу форматында жүзеге асырылып жатқан жобалармен таныстыру.
Жоспарланған тақырыптар: макроэкономикалық болжау, тұрақты даму, өңірлік саясат, өңірлік стандарттар жүйесі, сауда саясаты және инвестициялар.
Келесі мәселелер қаралатын болады:
- Қазақстан Республикасындағы макроэкономикалық модельдеу құралдары,
- Тұрақты даму мақсаттарын оқшаулау,
- Қалалардағы өмір сапасы рейтингінің және өңірлік әл-ауқат индексінің нәтижелері,
- Өңірлік стандарттар жүйесі туралы,
- Қазақстан өңірлерінің сыртқы саудасы.
Іс-шара өңірлердің өкілдері үшін практикалық қызметте, сондай-ақ Институтпен іскерлік байланыс орнатуда пайдалы болады деп санаймыз.