«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ 2023 жылғы 22 қарашада сағат 10.00-де «ҚР ішкі нарығындағы азық-түлік тауарлары бағасы жағдайы туралы» тақырыбында ашық диалог өткізу жоспарланып отырғанын хабарлайды. 
Мекен-жайы: Астана қаласы, Темірқазық көшесі, 65, «Экономика Үйі», «Мәжіліс залы».
Ашық диалогтың мақсаты - шақырылған сарапшылармен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) көтерме және бөлшек сауда бағаларын қалыптастыру және реттеу мәселелерін талқылау.
Келесі мәселелерді талқылау жоспарлануда:
- елдің ішкі нарығындағы ӘМАТ бағасының нақты жағдайын бағалау;
 - ішкі нарықта ӘМАТ тапшылығын болдырмау және бағаны реттеу үшін мемлекеттік органдар іске асырып жатқан шаралардың тиімділігін бағалау;
 - ӘМАТ тізбесіне өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы;
 - мемлекеттік қолдау шараларын пайдаланатын тауар өндірушілер үшін қарсы міндеттемелерді енгізу қажеттілігі туралы;
 - ҚР ішкі нарығының азық-түлік тауарларымен нашар қамтамасыз етілу себептері және проблеманы кешенді шешу жолдары.
 
Ашық диалогқа қатысуға орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, тәуелсіз сарапшылар шақырылды.