Ашық диалог: «ҚР-дағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы жағдайы туралы»

20.11.2023

«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ 2023 жылғы 22 қарашада сағат 10.00-де «ҚР ішкі нарығындағы азық-түлік тауарлары бағасы жағдайы туралы» тақырыбында ашық диалог өткізу жоспарланып отырғанын хабарлайды. 


Мекен-жайы: Астана қаласы, Темірқазық көшесі, 65, «Экономика Үйі», «Мәжіліс залы».

Ашық диалогтың мақсаты - шақырылған сарапшылармен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) көтерме және бөлшек сауда бағаларын қалыптастыру және реттеу мәселелерін талқылау.

Келесі мәселелерді талқылау жоспарлануда:
  • елдің ішкі нарығындағы ӘМАТ бағасының нақты жағдайын бағалау;
  • ішкі нарықта ӘМАТ тапшылығын болдырмау және бағаны реттеу үшін мемлекеттік органдар іске асырып жатқан шаралардың тиімділігін бағалау;
  • ӘМАТ тізбесіне өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы;
  • мемлекеттік қолдау шараларын пайдаланатын тауар өндірушілер үшін қарсы міндеттемелерді енгізу қажеттілігі туралы;
  • ҚР ішкі нарығының азық-түлік тауарларымен нашар қамтамасыз етілу себептері және проблеманы кешенді шешу жолдары.

Ашық диалогқа қатысуға орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, тәуелсіз сарапшылар шақырылды.



Қарау саны: 900
Сақталған: 23.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!