Сарапшы пікірі: Қайсар Нығметов

08.09.2020

Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыту экономикалық өркендеудің, әлеуметтік әл-ауқаттың және азаматтық қоғамды қалыптастырудың ажырамас шарттарының бірі болып табылады

Президенттің ағымдағы жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың маңызды мәселелері қозғалды.  

Бұл неліктен маңызды? Жергілікті өзін – өзі басқару бюджетін (бұдан әрі – ЖӨБ) құрудың негізгі мақсаты-жергілікті қоғамдастықтың жиналыстары мен жиындары арқылы нақты аумақтың барлық тұрғындарының мүдделерін ескере отырып, жергілікті мәселелерді шешуде ЖӨБ органдарының дербестігін арттыру.

Бұл шара бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша «100 нақты қадам  – Ұлт жоспарында» (98-қадам) көзделген болатын, оның шеңберінде аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ (бұдан әрі – ауылдық округ) деңгейінде ЖӨБ-тің дербес бюджетін енгізу жоспарланған болатын.

Қазіргі уақытта не жасалды? Бүгінгі таңда бюджеттің төртінші деңгейі 2 353 ауылда, ауылдық округтерде, аудандық маңызы бар қалаларда енгізілді. Өңірлік экономиканың дамуын ынталандыру үшін 2020 жылдан бастап шағын және орта бизнестен корпоративтік табыс салығының түсімдері жергілікті бюджеттерге берілді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 3 шілдесінде ҚР Мемлекеттік қызмет туралы Заңына өзгерістер енгізілді, енді мемлекеттік қызметкерлер де «Дипломмен ауылға» бағдарламасына қатыса алады. Бұл жергілікті деңгейде кадрлар тапшылығын жоюға мүмкіндік береді. 

Әрине, жергілікті өзін – өзі басқаруды дамытуда өз шешімін талап ететін мәселелер бар-биліктің аудандық, қалалық және ауылдық деңгейлерінің экономикалық дербестігін одан әрі кеңейту, ауылдық аумақтарда Интернет желісіне қол жеткізуді жақсарту, қосымша өкілеттіктерді жергілікті деңгейге беру мәселесін қарау, төмен тартылу және азаматтық белсенділік. 

Бұдан басқа, бюджетаралық қатынастар жүйесін одан әрі жетілдіру, трансферттерді, субвенцияларды бөлу қажет, олар да өңірлерді салық салынатын базаны кеңейтудің ішкі ресурстарын пайдалану үшін ынталандыруы тиіс.

Ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын енгізу жергілікті өзін-өзі басқарудың Еуропалық хартиясының негізгі қағидаттарына сәйкес келеді:
• демократиялық өкілдік негізінде жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлау;
• мемлекеттің, оның орталық органдарының жергілікті өзін-өзі басқару органдарына қаржылық қамтамасыз етуді беруі;
• жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүліктік дербестікке құқығы;
• жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мемлекеттің тиісті қаржылық қолдауымен мемлекеттің істеріне қатысу құқығы.

Осылайша, Жолдауда айтылған бастамаларды іске асыру адамдардың азаматтық белсенділігін арттыруға, жергілікті деңгейде демократияны ілгерілетуге мүмкіндік береді, өйткені тұрғындардың өздері тікелей жергілікті маңызы бар мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға тартылатын болады.



Қарау саны: 6107
Сақталған: 23.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!