Еңбек нарығындағы әйелдер

23.11.2023

Өздеріңіз білетіндей, БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарының бірі бүкіл әлем бойынша және барлық салада әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейту болып табылады.

ХВҚ әйелдерді экономикаға тартуға бағытталған гендерлік саясатты орынды деп санайды. Атап айтқанда, фискалдық – білім беруге инвестициялар, бала күтімі инфрақұрылымы, ата-аналарға қосымша демалыс беру және т.б. Әйелдердің өнімділігін арттыру экономиканың өнімділігін арттырады. Ақысыз еңбекті қайта бөлу дамыған елдерде де ЖІӨ-ге +3-5% өсімді білдіреді.


ХЕҰ-ның 2020 жылғы сауалнамасының нәтижелері бойынша әлемдегі әйелдердің үштен екісінен астамы жұмыс істегісі келеді. Алайда, БҰҰ мәліметтеріне сәйкес, еңбек нарығында еңбекке қабілетті жастағы әйелдердің 47%-і жұмыс істеді. Бұл жағдайдың көптеген себептері бар. Мысалы, әйелдер отбасына қатысты негізгі алаңдаушылықты өз мойнына алады, еңбек қызметінде үзіліс жасауға тура келеді. Әйелдерге ерлерге қарағанда орташа есеппен 20% аз жалақы төленеді. Әйелдерге жұмыс табу қиынырақ, көбінесе беделі төмен және жалақысы аз кәсіптермен айналысады. Отбасының басқа мүшелерінде жеткілікті табыс болған жағдайда, әйел көбінесе ақылы еңбектен бас тартады. 

Бірқатар елдерде гендерлік таптаурындар әлі де күшті: ХЕҰ сауалнамаларына сәйкес, әлемдегі ерлердің 20%-і және әйелдердің 14%-і отбасы бар әйелдің жұмыс істеуіне жол берілмейді деп санайды. Тіпті, тұрақты жұмысы болса да, әйелдер ерлерге қарағанда қысқартылған кесте мен үйге жақын жұмысты таңдайды, сонымен қатар олардың мүдделері ресми түрде қорғалмаған бейресми сектор мен отбасылық бизнесте жұмыс істейді. Бұған қоса, әйелдер үй шаруашылығымен және отбасы мүшелерін күтумен айналысатын ақысыз жұмысқа күн сайын ер адамдарға қарағанда орта есеппен 2,5 сағат көбірек жұмсайды.

Әйелдердің еңбек нарығына кіруіндегі кедергілерді әйелдер еңбегіне қосымша салықпен теңестіруге болады. ХВҚ сарапшылары анықтағандай, бұл салық мөлшері гендерлік теңдіктің ең жоғары деңгейіне жеткен Еуропа мен Орталық Азия елдері үшін орта есеппен 4%-тен, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка елдері үшін 53%-ке дейін ауытқиды, соңғысында ол әлемдегі ең төмен болып табылады.
 
2016 жылы Кларк университетінің қызметкері Дэвид Куберес және Барселона университетінің қызметкері Марк Тениер Еуропада еңбек нарығындағы гендерлік теңсіздік үй шаруашылықтарының жиынтық әлеуетті кірісін 10%-ке, ал Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкада 27%-ке қысқартады деп есептеді. Егер барлық әйелдер экономикаға қатысудан шығарылса, онда әлемдегі жан басына шаққандағы табыс 40%-ке төмендейді.
 
«Әлемнің әмиянын басқаратын – әйелдер екенін ұмытпаңыз. Оларңа барлық жаһандық тұтыну шығындарының 70%-і келеді. Егер біз экономикалық өсуді жеделдеткіміз келсе, біз әйелдердің көбірек санын жиынтық сұраныс агенттеріне айналдыруымыз керек», – деп шақырды еуропалық қарыз дағдарысы кезінде ХВҚ-ның бұрынғы басқарушы директоры және Еуропалық орталық банктің қазіргі басшысы Кристин Лагард. Ол сондай-ақ гендерлік теңсіздіктің төмендеуі жан басына шаққандағы табыстың айтарлықтай, әсіресе гендерлік кемсітушілігі жоғары аймақтарда өсуіне әкелетінін атап өтті.

Еңбек нарығындағы гендерлік теңсіздіктің басты салдарының бірі – әйелдердің әлеуетті табысының төмендеуі. Бұл бірден бірнеше жағымсыз макроэкономикалық әсерлерді тудырады: үй шаруашылықтарының шығындары мен жинақтарын, сондай-ақ олардың жаңа ұрпақтың білімі мен денсаулығына салған инвестицияларын азайтады, дейді Геттинген университетінің профессоры Штефан Клазен және оның әріптесі София Кан. Бұдан басқа, жалақы теңсіздігін еңсеру зейнетақы жинақтарының ұлғаюына әкеп соқтырар еді, деп атап өтті ХЕҰ экономистері.




Қарау саны: 947
Сақталған: 23.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!