Сарапшы пікірі: Азамат Сәменов

08.09.2020

Елдің батыс өңірлерін технологиялық дамыту
Мемлекет басшысының пікірінше, мұнай суперцкезеңі өз мәресіне жетті, бұл өз кезегінде экономиканы дамытудың баламалы нұсқаларын әзірлеуді талап етеді. Осыған байланысты мұнайдың жоғары бағасына сүйену және оны өндіруді ұлғайту мақсатында елдің батыс өңірлеріне инвестициялар салу ұтылыс стратегиясына айналуы мүмкін. Мысалы, Атырау облысының негізгі қорлары Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының негізгі қорларын қоса алғанда көп болып келеді. 

Күн тәртібінде өңдеу өнеркәсібін дамыту, оның ішінде мұнай химиясын дамыту тұр. Елдің батыс өңірлері шикі мұнайдың үлкен экспорттық әлеуетімен ғана емес, сондай-ақ дамыған өңдеу өнеркәсібімен де байланыстырылуы тиіс. Қазақстанда қолда бар шикізат – мұнай базасында қосымша өнім өндіру мақсатында мұнай-химия жобаларын дамыту қажет. Бұл өз кезегінде өңір экономикасының күрделенуіне алып келеді, сондай-ақ өндірісті әртараптандыруға оң әсер етеді.

Моноқалалар туралы
Мемлекет басшысы өз Жолдауында елдің моноқалаларын дамытуға назар аударды. Бұл өзекті міндет, өйткені қазір елімізде 1,6 млн. адам тұратын 27 моноқала бар. 

Мұндай қалалардың экономикалық дамуы кеңес кезеңінде бірегей пайдалы қазбалар кен орындарының айналасында құрылған қала құрушы кәсіпорынға байланысты. Көп жағдайда мұндай кәсіпорындардың қызметі жоспарланған мемлекеттік жоспарлауға және дайын өнімді таратуға бағынышты болды. 
Қазіргі уақытта 6 моноқаланың жоғары даму әлеуеті бар, бұл ретте олардың негізгі бөлігі – 16-ы орташа даму әлеуетіне ие. 5 моноқаланың даму әлеуеті төмен, бұл объективті жағдайларға байланысты: өнеркәсіп өндірісінің қысқаруы, шикізат қорының сарқылуы және қала тұрғындарының, негізінен жастардың кетуі. 

Қазір елдегі моноқалалар мәселесі кешенді шаралар қабылдау есебінен шешілуде. Моноқалаларда инфрақұрылымдық жаңарту, ШОБ қолдау, жұмыс орындарын құру бойынша мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру негізгі құрал болып табылады. Алайда, моноқалаларды орнықты дамыту үшін бәсекелестік артықшылықтарды дамытуға, негізгі кәсіпорындардың технологиялық әлеуетін әртараптандыруға және жаңартуға, өңдеу өнеркәсібін дамытуға, туризмді дамыту мақсатында қалалардың бірегей орналасқан жерін пайдалануға бағытталған баламалы жобаларды әзірлеу қажет.

Жоғары оқу орындарын дамыту туралы
Мемлекет басшысы өз Жолдауында «диплом басып шығаратын» жоғары оқу орындарының қысқаруына тағы да назар аударды.  Сапалы жоғары білім бәсекеге қабілетті ұлттың даму факторларының бірі болып табылады. Алайда, жоғары білім беру саласын коммерцияландыру сертификатталған мамандардың жұмыс таба алмауына немесе мамандығы бойынша жұмыс істей алмауына әкелді.

Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2030 жылға дейінгі болжамды схемасында ел өңірлерінде білім беру сапасын арттырудың маңыздылығы туралы атап өтілген. Мысалы, әрбір өңірде 20 ЖОО мен 180 колледждің материалдық-техникалық базасын жаңғырта отырып, бәсекеге қабілетті бір жоғары оқу орны мен ТжКБ ұйымдары желісінің пайда болуын қамтамасыз ету қажет, бұл кадрларды даярлау сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл шара елдің жоғары оқу орындарында білім беру сапасын қатаң бақылау жағдайында адами капитал деңгейін арттыруға мүмкіндік береді. 



Қарау саны: 5819
Сақталған: 08.09.2020






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!