Пилоттық аудандар мен облыстық маңызы бар қалаларда әкім лауазымына үміткерлерді ұсыну қорытындылары 2-тарау
26.11.2023
Бұл басылым еліміздің батыс өңірлерінде, оның ішінде Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында әкімдерге кандидаттарды ұсыну қорытындыларына арналады. Ақтөбе облысында әкімге кандидаттарды ұсыну 3 ауданда (Ырғыз, Қобда, Ойыл) өтті. Облыс бойынша барлығы 20 адам кандидатура ұсынылды. "Amanat" партиясы 3 адамды, "Ақ жол" ҚДП 1 адамды ұсынды, қалған 16 кандидат өзін-өзі ұсынды. Кандидаттардың орташа жасы 44 жасты құрады. Ең үлкен үміткер 61 жаста, ең кішісі 29 жаста. Барлық үміткерлер ер адамдар болды. Атырау облысында Исатай және Қызылқоға аудандарының әкімдерін сайлауға қатысу үшін 7 адам өз кандидатураларын ұсынды. 2 кандидатты "Amanat" партиясы, 1-ін Қазақстан Халық партиясы ұсынды, 4-і өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынды. Үміткерлердің жасы орта есеппен 46 жасты құрады. Сонымен бірге, ең жаы үлкен үміткер 62 жаста, ең кішісі 37 жаста болды. Барлық 7 үміткер ер адам болды. Батыс Қазақстан облысында кандидаттарды ұсыну 3 ауданда (Бөкейорда, Қаратөбе, Тасқала) өтті. Облыс бойынша барлығы 16 адам өз кандидатураларын ұсынды. Оның ішінде 3 кандидатты "Amanat" партиясы ұсынды, 1 кандидатты Қазақстан Халық партиясы мен "Ақ жол" ҚДП ұсынды, қалған 11 кандидат өзін-өзі ұсынды. Кандидаттардың орташа жасы 43 жасты құрады. Ең жасы үлкен үміткер 56 жаста, ал ең жас үміткер 27 жаста еді. Барлық үміткерлер ерлер болғанын атап кеткен жөн. Маңғыстау облысында сайлау Бейнеу ауданында өтеді. Сайлауға қатысу үшін 7 адам өз кандидатураларын ұсынды. Оның ішінде 6 кандидат өзін-өзі ұсынды, 1 кандидат "Amanat" партиясынан ұсынылды. Үміткерлердің орташа жасы 45 жасты құрады. Ең жасы үлкен үміткер 61 жаста, ең жас үміткер 31 жаста. Барлық үміткерлер ер адамдар. Барлығы төрт батыс өңірінде 50 үміткер тіркелді. Кандидаттардың орташа жасы 44 жасты құрады. Ең жасы үлкен кандидат (62 жас) Атырау облысының Қызылқоға ауданында тіркелді. Ал ең жас үміткер Батыс Қазақстан облысының Тасқала ауданында тіркелген (27 жаста). Ұсынылған барлық үміткерлер ер адамдар болды.
Қарау саны: 841 |
|
|