Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 12,6%-ке өсті

27.11.2023

2023 жылғы қаңтар мен қазан аралығында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 13,3 трлн теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,6%-ке артық. 


Инвестициялардың өсуі еліміздің 20 өңірінің 19-ында тіркелді. Маңғыстау облысында – 44,7%-ке, Абай облысында – 44,2%-ке, Түркістан облысында – 41,3%-ке, Павлодар облысында – 28,2%ке, Қызылорда облысында – 27,7%-ке және Ұлытау облысында – 22,4%-ке айтарлықтай өсім байқалды. Өткен кезеңдердегідей, тек Атырау облысында ғана өсу қарқыны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда -1%-ке төмендегені байқалады.
 
Инвестициялардың жалпы көлемінде өнеркәсіп ең көп үлесті алады (47,5%) және 6,3 трлн теңгені құрайды. Оның ішінде 3,8 трлн теңге – тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда, 853,5 млрд теңге – электр энергиясымен жабдықтауда, 409,8 млрд теңге – сумен жабдықтауда, ал өңдеу өнеркәсібіне 1,2 трлн теңге тура келді.

Сондай-ақ, инвестициялардың жалпы көлеміндегі елеулі үлесті жылжымайтын мүлікпен операциялар (18,5%) – 2,5 трлн теңге, көлік және қоймалау (13,6%) – 1,8 трлн теңге және АӨК (5,8%) – 778,2 млрд теңге көрсеткішімен алады.

Айта кетейік, экономиканы қаржыландырудың негізгі көзі жеке субъектілердің меншікті қаражаты болып қала береді – 9,99 трлн теңге немесе жалпы көлемнен 75%. Сонымен қатар, бюджет қаражатының үлесі 2022 жылғы қаңтар-қазанда 13,8%-тен ағымдағы жылы 14,6%-ке дейін өсті. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлеміндегі экономиканың нақты секторын қаржыландырудағы банк секторының үлесі 2,6% құрайды.




Қарау саны: 929
Сақталған: 22.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!