Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия Даму Банкі арасындағы стратегиялық пікірталас

29.11.2023

23-қарашада білім және тәжірибе алмасудың 2027 жылға дейінгі Бірлескен бағдарламасының жаңа бесінші кезеңі шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия Даму Банкі арасында Стратегиялық пікірталас өтті.

Іс-шара алдында Азия Даму Банкінің елдік директоры Нариман Маннапбеков өткен жылы өңірлік әл-ауқат зерттеуін орындау шеңберінде жүргізген Экономикалық зерттеулер институтының жұмысын жоғары бағалаудың және инклюзивті дамуға қосқан үлесін мойындаудың белгісі ретінде экономикалық зерттеулер институтына алғыс сертификатын табыс етті.


Стратегиялық пікірталас шеңберінде экономикалық саясаттың басымдықтары, өңірлік әл-ауқат, фискалдық орталықсыздандыру және жылыту секторын декарбонизациялау мәселелері талқыланды.

Талқылаудың жалпы бөлігі аясында Экономикалық зерттеулер институтының басқарма төрағасы Руслан Сұлтанов "Экономикалық саясаттың басымдықтары" тақырыбында баяндама жасады.

Өз сөзінде Руслан Сұлтанов жаһандық трендтердің тізбесін, экономиканың базалық салаларының әлеуетті үлесімен 2030 жылға дейінгі экономиканың өсуінің базалық және нысаналы сценарийлері бойынша Экономикалық зерттеулер институтының есептеулерін ұсынды.


"Бағдарламалық саяси диалог үшін үкіметтік реформаларды талқылау" сессиясында Азия Даму Банкінің Қазақстан үшін елдік операциялардың басшысы Искандар Ғұламов саясат пен мемлекеттік сектор институттарындағы ағымдағы реформаларды қолдау туралы айтты.
Үкімет даму серіктестерімен, соның ішінде АДБ-мен бірлесіп жүзеге асырғысы келетін реформалар талқыланды.

"Қазақстан үшін экономикалық өсу моделін талқылау" сессиясы аясында 2029 жылға қарай ЖІӨ-ні ұлғайту мақсатына қол жеткізуге ықпал ететін факторлар талқыланды. Қатысушылар дамудың басым бағыттарын, өсудің жаңа нүктелерін, сондай-ақ ел экономикасына әсер ететін іргелі факторлар туралы айтылды. Сессия қорытындысы бойынша барлық мүдделі тараптар арасында таратылатын құжатқа барлық көзқарастар мен ұсыныстарды біріктіруге қатысты консенсусқа қол жеткізілді.


Лондон экономика мектебінің Экономикалық география профессоры, спикер Андрес Родригес-Позе "Фискалдық орталықсыздандыруды зерттеуді талқылау" сессиясы аясында фискалдық орталықсыздандыруды зерттеуге ғылыми көзқарас ұсынды. Талқылау барысында бюджеттік орталықсыздандырудың тиімділігін, бюджеттік орталықсыздандыруға ықпал ететін немесе кедергі келтіретін факторларды бағалау қозғалды.

Жылыту секторын декарбонизациялау туралы пікірталас аясында жылу энергетикасы туралы Заң жобасы және оның негізгі бағыттары кеңінен талқыланды. Қатысушылар жергілікті жылумен жабдықтау жүйелерін дамытудың стратегиялық басымдықтарын айқындау үшін әзірленген қалалар жоспарларын қолдану және дамыту мәселелерін талқылады.


Қарау саны: 897
Сақталған: 22.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!