"Экономикалық зерттеулер институты" АҚ сарапшылары интерактивті пікірталасқа қатысты
29.11.2023
28 қарашада "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ сарапшылары Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында интерактивті пікірталасқа қатысты. Іс-шара тұрақты инфрақұрылым құру, заманауи сын-тегеуріндер мен міндеттер контекстінде жан-жақты тұрақты индустрияландыру мен инновацияларға жәрдемдесу мәселелерін талқылауға арналды. Сарапшылар Master of Economics білім беру бағдарламасының магистранттары алдында "Экономикалық өсу және тұрақты даму" пәні аясында дәріс өткізді. Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылықтың директоры Бақытгүл Хамбар тұрақты даму мақсаттарын іске асырудағы ағымдағы ахуалды таныстырып, ТДМ жаһандық күн тәртібінің ерекшеліктері және елдегі ТДМ іске асыру циклдері туралы айтып берді. Өңірлік зерттеулер орталығы директорының орынбасары Азамат Саменов институттың зерттеу нәтижелерімен бөлісіп, Қазақстан қалаларындағы өмір сапасы туралы сауалнамаға шолу жасады. Ол рейтинг көрсеткіштеріне тоқталып, есептеу әдістемесіне егжей-тегжейлі түсініктеме берді. Пікірталас барысында қатысушылар спикерлерге белсенді түрде сұрақтар қойды, бұл сапалы өзара іс-қимыл мен білім алмасуға ықпал етті. Іс-шара соңында академияны басқару институтының профессоры Нұрмағанбетов Арман Экономикалық зерттеулер институтына табысты ынтымақтастығы үшін және спикерлерге мазмұнды дәрістері үшін алғысын білдірді.
Қарау саны: 889 |
|
|