Сарапшы пікірі: Қанат Толыбаев

08.09.2020

Бәсекелестік артықшылықтарды ескере отырып, өңірлерді дамыту туралы

Президент Жолдауында бәсекелестік артықшылықтарды ескере отырып, өңірлерді дамытудың маңыздылығын атап өтті. Қазіргі уақытта негізгі капиталға салынған үлкен инвестицияларға қарамастан, өңірлер өнеркәсіптің төмен өсу қарқынын және ЖӨӨ-нің шамалы өсуін көрсетіп отыр. 

Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2030 жылға дейінгі болжамды схемасы шеңберінде жеке бәсекелестік артықшылықтары бар өңірлердің төрт тобы бөлінеді, олар: өндіруші, индустриялық және индустриялық-аграрлық республикалық маңызы бар қалалар.

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында агломерациялық қоныстандыру жүйесі бар. Бәсекелестік артықшылықтарды ескере отырып, осы өңірлерді дамыту экспортқа бағдарланған қызмет көрсету, ғылым, цифрлық технологиялар және инновациялар саласындағы экономикалық мамандануды көздейді. Басқа нарықтармен байланыс ҒЗТКЖ мен инновацияларға ұзақ мерзімді инвестициялау үшін жағдай жасау есебінен қолдау табуы тиіс.

Өндіруші өңірлерді дамыту базалық және өңдеу салаларында индустриялық жобаларды іске асыру, ілеспе қызметтерді дамыту және өңдеу өнеркәсібін экспортқа бағдарлау арқылы жүзеге асырылады. Өндіруші өңірлерде кейіннен шетелдік нарықтарға шыға отырып, әлемнің жетекші инжинирингтік компанияларын тарту үшін жағдай жасау көзделген.

Индустриялық өңірлерге Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстары кіреді. Бұл өңірлерде өндіруші өңірлермен ұқсас қоныстандыру жүйесі бар. Өңірлердің бәсекелестік артықшылықтары экономиканың дәстүрлі салаларының базасында және айналасында жаңа индустриялардың пайда болуын, сондай-ақ қызмет көрсету саласын дамытуды ескере отырып іске асырылады. Нарықтық байланыс жоғары технологиялық өнімдер өндірісін дамыту және жаһандық қосылған құн тізбектеріне енгізу үшін жағдай жасау арқылы қамтамасыз етіледі.

Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары индустриялық-аграрлық өңірлер болып табылады. Бұл өңірлердің бәсекелестік артықшылықтары органикалық ауыл шаруашылығы мен акваөсіру саласын дамыту, экологиялық таза және экспортқа бағдарлануға баса назар аудара отырып, қосылған құны жоғары бәсекеге қабілетті ұлттық өндірістерді құру болып табылады. Индустриялық-аграрлық өңірлер үшін нарықтармен байланыс үшін ішкі нарықты ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету және экспорттық әлеуетті дамыту үшін жағдай жасау көзделген.



Қарау саны: 5972
Сақталған: 08.09.2020






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!