IMD-2023 Цифрлық бәсекеге қабілеттілік рейтингі

04.12.2023

2023 жылғы 30 қарашада IMD-2023 Цифрлық бәсекеге қабілеттілік рейтингінің (бұдан әрі – рейтинг) нәтижелері жарияланды.
 
Қазақстан рейтингте 71,84 балл нәтижесімен 64 елдің ішінде 34-орынға жайғасты. Өткен жылдың қорытындысымен салыстырғанда, еліміздің позициясы 2 тармаққа көтерілді (IMD Digital 2022-де 36 орын), бұл ретте, мән 1,19 баллға төмендеді (IMD Digital 2022-де 73,03 балл).
 
Осындай нәтижемен Қазақстан Португалия (36-орын), Польша (39-орын), Италия (43-орын) және Түркия (53-орын) сияқты елдерден озып тұр.

Рейтингтің қорытынды нәтижелері елдердің жасанды зият (ЖЗ) дәуірінде цифрлық түрлендіруде өзін қалай көрсететіні туралы түсінік береді. IMD ЖЗ-тың нақты көрсеткіштерін өлшемесе де, елдердің бағасы ЖЗ-тың дамуымен байланысты 3 рейтинг факторы ("Білім", "Технология", "Келешекке даярлық") негізінде қалыптасады.
 
ҚР Ұлттық даму жоспары IMD цифрлық бәсекеге қабілеттілік рейтингіндегі позиция бойынша көрсеткішті қамтиды, онда 2025 жылға қарай еліміз рейтингтің 33-ші тармағында орналасуы тиіс. 2023 жылғы рейтингтегі ағымдағы 34 орнын ескере отырып, еліміз алға қойылған мақсатқа жақындады.

Қазақстанды факторлар тұрғысынан қарастырсақ, еліміз екі фактор бойынша позицияларында төмендеді, бір-бірден позициясы өзгеріссіз қалды.
 
"Келешекке даярлық" факторында оның барлық субфакторларында ілгеріліс байқалды, онда "Бейімделу қатынастары" субфакторы барынша жақсарды (+5 тармақ). Мұндай нәтиже "Электрондық қатысу" көрсеткішінің жақсаруына байланысты, ол бойынша еліміз 25-орынна 15-орынға көтерілді. Қазақстан мәнінің 0,07 балға (0,81 балл) төмендеуіне қарамастан, позицияның жақсаруы көшбасшы елдердегі мәндердің күрт төмендеуімен түсіндіріледі.
 
Сол фактор аясында, Қазақстан, позицияны 1 тармаққа жақсартып, "Бизнестің икемділігі" субфакторы бойынша топ-5 ел қатарына кірді (5-орын). Жақсару сауалнама көрсеткіші мәндерінің артуына байланысты, онда респонденттер өткен жылмен салыстырғанда, елдегі компаниялардың икемділігін (6,4 балл) жоғары бағалады.
  
Қазақстан "Оқыту және білім беру" субфакторы бойынша көшбасшылығын жалғастыруда. Канададан озып, ел жоғары білімі бар әйелдердің үлесін 79,8%-ке дейін арттыру есебінен 1-орында тұрған "Дәрежелері бар әйелдер" көрсеткішін ерекше атап өткен жөн.

 
Кувейттің 2023 жылғы рейтингке қосылуымен тізім 64 елге дейін кеңейді. Өздерін "цифрлық елдер" ретінде көрсететін рейтинг көшбасшылары - АҚШ, Нидерланды, Сингапур, Дания және Швейцария болып табылады.
 
Айта кеткен жөн, бір жыл бұрын жалпы рейтингте 1-орын алған Дания бұл жолы "Келешекке даярлық" және "Технология" факторларының төмендеуіне байланысты 4 позицияға дейін төмендеді. Сонымен қатар, 2022 жылғы рейтингте алғаш рет 2-орынға төмендеген АҚШ биыл көшбасшы болып, қалпына келді.



Қарау саны: 932
Сақталған: 22.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!