Сарапшы пікірі: Айтжан Мейрембаев
08.09.2020
Ауыл аумақтарын дамыту туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында ауыл аумақтарының әлеуетін толық ашу қажеттігі айтылды. Ол ауылдағы аса өзекті мәселелерді шешуге бағытталған «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасын іске асыру жалғастырылатынын хабарлады. Қазіргі уақытта Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында ауылдық елді мекендерді дамыту бойынша жеке бағыт көзделген. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы іске асырылуда, оның негізгі мақсаты ауылдағы өмір сүру сапасын жақсарту, ауылдық аумақтардың инфрақұрылымын жаңғырту, оларды Өңірлік стандарттар жүйесінің параметрлеріне жеткізу болып табылады. Жоба шеңберінде жалпы ел бойынша 3 561 АЕМ іріктелді, оның ішінде 6,7 млн халқы бар 1 173 тірек және 2 388 серіктес ауыл. Перспективалы АЕМ іріктеу кезіндегі негізгі тәсілдердің бірі кластерлік тәсіл болды, онда АЕМ жеке - жеке емес, оқшауланған кластер-топтар шеңберінде (тірек ауылдан 10-15 км радиуста) қаралады, бұл халықты, әсіресе жалпы пайдаланудағы инфрақұрылымға қатысты қамту бойынша неғұрлым тұтас көріністі қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жалпы, 2027 жылға дейін ұсынылған қаржыландыру көлемі 900 млрд. теңгені құрайды. 2019 жылдың қорытындысы бойынша «Ауыл ел бесігі» жобасы бойынша 53 АЕМ-де жалпы сомасы 29 358,4 млн.теңгеге 520 жоба іске асырылды. Жобалардың жалпы санының 75% – ы және қаржыландырудың барлық көлемінің 78% - ы 4 салаға тиесілі-абаттандыру, жолдар, білім беру және мәдениет. 2020 жылы жоба бойынша 216 АЕМ-де жалпы сомасы 98 126,2 млн.теңгеге 920 жоба іске асырылатын болады. Жобалардың 81% – ы және қаржыландырудың барлық көлемінің 65% - ы 3 салаға тиесілі-жолдар, абаттандыру және білім беру. 2020 жылы жоба шеңберінде 16 233 жұмыс орны құрылады, ал салық түсімдерінің көлемі 10,7 млрд.теңгені құрайды. Мемлекет басшысы өз сөзінде ауылдық денсаулық сақтау саласын дамыту мәселесіне ерекше тоқталды. Ол көлік медицинасын дамыту қажеттігін, ең бастысы еліміздің барлық ауылдық елді мекендерін фельдшерлік-акушерлік пункттермен және дәрігерлік амбулаториялармен қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. Бұл ауылдағы өте өзекті мәселе, өйткені бүгінгі күні республика бойынша 6 561 АЕМ-нің 1 112-інде медициналық мекемелер жоқ. Қарағанды облысының ауылдары (160 АЕМ) медициналық мекемелерімен аз қамтамасыз етілген. Алматы облысының ауылдары медициналық мекемелермен ең көп қамтамасыз етілген. Мұнда тек 2 АЕМ-де медициналық пункттер жоқ. Жалпы, Жолдауда «Ауыл - Ел бесігі» жобасын жүзеге асыру мәселелері қозғалды. Осы жоба толық іске асырылған жағдайда мынадай нәтижелерге қол жеткізіледі: - ауылда өмір сүру сапасының жақсаруы; - тірек АЕМ-ге экономикалық көші-қон; - барлық ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен 100% қамтамасыз ету; - 7 мың км-ден астам кентішілік жолдарды салу және жөндеу; - тіршілікті қамтамасыз етудің, оның ішінде электрмен, газбен , жылумен жабдықтаудың инженерлік желілерін жаңғырту;
Қарау саны: 5962 |
|
|