«Өңірлік теңсіздік туралы 30 қорытынды» № 14 қорытынды – Қарағанды облысында әрбір үшінші респондент саясатқа мүлдем қызығушылық танытпайды
07.12.2023
Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінің (LSE) және Экономикалық зерттеулер институтының (ERI) сарапшылары орындаған Қазақстан өңірлеріндегі қала және ауыл тұрғындарының әл-ауқатты және сапалы өмір жағдайын қалай қабылдайтыны туралы жалпыұлттық зерттеу шеңберінде, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Азия даму банкінің Білім және тәжірибе алмасудың бірлескен бағдарламасының «Өңірлік теңсіздікті зерттеу» жобасы шеңберінде 2022 жылы халықтың саяси белсенділігі зерттелді. Саясатқа қызығушылық туралы респонденттердің пікірі респонденттердің жартысынан көбі белсенді екенін көрсетеді. Сауалнама нәтижелері бойынша респонденттердің 44,5%-і саясатқа аздап қызығушылық танытады, 13,2%-і саясатқа қатты қызығушылық танытады. 23,2% респондент саясат олар үшін өте қызықты еместігін, ал 19,1%-і саясатқа мүлдем қызығушылық танытпайтынын атап өтті. Өңірлер бөлінісінде саясатқа қызығушылықтың жоғары деңгейі Шығыс Қазақстан, Жетісу, Ұлытау және Алматы облыстарында, Астана және Шымкент қалаларында байқалды. Ақмола және Атырау облыстарында саясатқа қызығушылық деңгейі төмен. Қарағанды, Ақмола және Павлодар облыстары мен Алматы қаласындағы респонденттердің көпшілігі саясатқа мүлдем қызығушылық танытпайды. Қазақстанның саяси кеңістігінде қазақстандық қоғамның саяси процестерге белсенді қатысуға қаншалықты дайын екендігі өзекті пікірталас мәселелерінің бірі болып табылады. Зерттеу нәтижелері бойынша жалпы респонденттердің жартысынан көбі белсенді, өңірлер арасында 20 өңірдің 9-ы жоғары белсенділікпен ерекшеленеді. Ең төмен белсенділік – Қарағанды облысында, мұнда әрбір үшінші респондент теріс жауап берді.
Қарау саны: 809 |
|
|