Рейтинг көрсеткіштері не туралы айтады? «Инфрақұрылым» бағыты

08.12.2023

«Инфрақұрылым» бағытын талқылауды жалғастыра отырып, бұл жолы денсаулық сақтау инфрақұрылымына тоқталамыз.

Денсаулық сақтау инфрақұрылымының дамуын бағалау үшін халықаралық рейтингтерде денсаулық сақтау инфрақұрылымының қоғамның қажеттіліктеріне сәйкестігі, сондай-ақ сапалы медицинаның қолжетімділігі бойынша көрсеткіштер қаралды, бұл да тиісті инфрақұрылымның болуының нәтижесі болып табылады.
 
IMD әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингі  шеңберінде «Денсаулық сақтау инфрақұрылымы қоғамның қажеттіліктеріне сәйкес келмейді/сәйкес келеді» сауалнама көрсеткіші көзделген (мұнда, 1 – сәйкес келмейді, 6 – сәйкес келеді).

Қазақстан 2020 жылғы рейтингте мәнінің және тиісінше позициясының күрт нашарлауынан кейін біртіндеп жақсару көрсетеді. Дегенмен, елдің 2023 жылғы рейтингтегі позициясы 2019 жылғы рейтингпен салыстырғанда 3 тармаққа нашарлады: 64 елден 43-орын.

 
Респонденттердің пікірінше, денсаулық сақтау инфрақұрылымы қоғамның қажеттіліктеріне сәйкес келетін үздік-3 елге Швейцария (8,59), Тайвань (8,58) және Катар (8,24) сияқты елдер кіреді. Аутсайдерлер тізімін Венесуэла (1,33), Перу (1,97) және Моңғолия (2,18) басқарады.

Респонденттердің денсаулық сақтау инфрақұрылымына төмен қанағаттануы денсаулық сақтау объектілерінің жеткіліксіз санымен және олардың, әсіресе шалғайдағы елді мекендерде тозуымен, медициналық техникамен жеткіліксіз жарақтандырылуымен, ауылдық аудандарда интернеттің төмен қолжетімділігімен, өңірлерде инновациялық технологиялар мен жоғары технологиялық медициналық қызметтердің әлсіз трансферт болуымен байланысты.
 
Денсаулық сақтау инфрақұрылымының дамымауы, өз кезегінде, сапалы медициналық көмектің қолжетімділігінің төмен деңгейіне әкелді.
Бұл әлеуметтік прогресс индексі (бұдан әрі – SPI) шеңберінде қаралатын «Сапалы медициналық қызметке тең қолжетімділік» көрсеткіші бойынша нәтижелермен расталады.

Бұл көрсеткіш ел сарапшыларының: «Ересек азаматтар ретінде өздерінің негізгі саяси құқықтарын жүзеге асыра алатындай жоғары сапалы базалық медициналық қызметке қаншалықты кепілдік беріледі?» сауалына жиынтық бағалау нәтижесінде қалыптасады және 0-ден 4-ке дейінгі межелік бойынша өлшенеді. Дереккөз «Демократияның түрлері» (V-Dem) жобасы болып табылады және 2022 жылғы SPI рейтингінде 2021 жылғы деректер пайдаланылды.

Сапалы медициналық қызмет көрсетуге тең қолжетімділік бойынша SPI 2022 рейтингінде Қазақстан 2,92 балл мәнімен 169 ел арасында 48-орынға ие болды.

Соңғы бес жылда ел позициясының ең үлкен өсуі 2021 жылғы рейтингте тіркелді – 3,15 балл мәнімен 42-орын.


Сапалы медициналық көмекке қолжетімділігі жоғары үздік-3 елдің қатарына Сингапур, Норвегия және Чехия кіреді.

Рейтингтің аутсайдерлері – Бангладеш, Йемен және Оңтүстік Судан.

Бұл рейтингте сапалы медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігі бойынша Қазақстан ЕАЭО-ның барлық елдерін басып озады: Беларусь – 53-орын, Армения – 55-орын, Ресей – 72-орын, Қырғызстан – 97-орын.

Айта кету керек, ҚР СЖРА ҰСБ жүргізген «Халықтың өмір сүру сапасы» зерттеуі де (2023 жылғы наурызда жүргізілген) халықтың медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне төмен қанағаттанушылығын көрсетеді.
 
Мысалы, мемлекеттік медициналық қызметтердің сапасына толық қанағаттанған халықтың үлесі 39,9%, жекеменшікке – 48,7% құрайды. Мемлекеттік медициналық қызметтердің қолжетімділігіне толық қанағаттанған халықтың үлесі 44,5%, жекеменшікке – 45,6% құрайды.

Бұл ретте денсаулық сақтау қызметтерінің қолжетімсіздігінің себептері ретінде респонденттердің 28,7%-і денсаулық сақтау мекемелерінде үлкен кезектерді, сондай-ақ 2%-і мекемелердің орналасу қашықтығын атап өтті, бұл инфрақұрылымның жетіспеушілігімен байланысты проблемалардың болуын көрсетеді.

Денсаулық сақтаудағы инфрақұрылыммен проблемаларды шешу үшін мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында денсаулық сақтау объектілерін салу есебінен, атап айтқанда, ауылдық жерлерде тозуды азайту көрсеткіші көзделген.
 
Осылайша, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес медициналық ұйымдар ғимараттарының тозу деңгейін 2026 жылы 44,5%-ке дейін төмендету жоспарланған.

Көзделген шараларды іске асыру нәтижесінде халықтың медициналық мекемелер ұсынатын медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне қанағаттану деңгейін 2026 жылы 81%-ке дейін арттыру жоспарлануда (2022 жылы – 58,8%).




Қарау саны: 876
Сақталған: 23.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!