Бюджеттік саясат
13.12.2023
Қандай министрліктер республикалық бюджеттен ең аз қаржыландыру алады? 2-бөлім 2018-2022 жылдары министрліктерге бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының 1%-тен азы Энергетика министрлігіне, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне, Сыртқы істер министрлігіне, Сауда және интеграция министрлігіне, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне, Әділет министрлігіне тиесілі болды. Алдыңғы шығарылымда Энергетика министрлігінің, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің және Сыртқы істер министрлігінің шығыстары қарастырылды. Сауда және интеграция министрлігінің* 2019-2022 жылдардағы шығыстары шығындардан (орта есеппен 38,9%, орта есеппен 28,8 млрд теңге), бюджеттік кредиттерден (орта есеппен 38,1%, орта есеппен 28,2 млрд теңге), қаржы активтерін сатып алудан (орта есеппен 23,0%, орта есеппен 17,0 млрд теңге) тұрады. *2019 жылғы 17 маусымда Сауда және интеграция министрлігі құрылды. 4 жыл ішінде шығындар төрттен біріне ұлғайды: 2019 жылғы 21,4 млрд теңгеден 2022 жылы 26,8 млрд теңгеге дейін. Шығындар:
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің** 2018-2022 жылдардағы шығыстары шығындардан (орта есеппен 54,0 млрд теңге) және қаржы активтерін сатып алудан (2019 жылы 0,3 млрд теңге) тұрады. **2019 жылғы 25 ақпанда Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен ақпарат саласындағы функциялары мен өкілеттіктерін бере отырып, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі болып қайта құрылды. 2023 жылғы 1 қыркүйекте Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Мәдениет және спорт министрлігінен жекелеген функцияларымен өкілеттіктерді бере отырып, Мәдениет және ақпарат министрлігі болып қайта құрылды. 2018 жылы шығындар 3,5 млрд теңгені, 2019 жылы – 59,5 млрд теңгені құрады. 4 жыл ішінде олар 1,2 есеге – 2022 жылы 70,3 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Шығындар:
Әділет министрлігінің 2018-2022 жылдардағы шығыстары 5 жыл ішінде 1,2%-ке төмендеген шығындардан тұрады: 2018 жылғы 45,7 млрд теңгеден 2022 жылы 45,2 млрд теңгеге дейін. Шығындар:
Қарау саны: 796 |
|
|