Бюджеттік саясат

13.12.2023

Қандай министрліктер республикалық бюджеттен ең аз қаржыландыру алады? 2-бөлім

2018-2022 жылдары министрліктерге бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыруға бөлінген бюджет қаражатының 1%-тен азы Энергетика министрлігіне, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне, Сыртқы істер министрлігіне, Сауда және интеграция министрлігіне, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне, Әділет министрлігіне тиесілі болды.  

Алдыңғы шығарылымда Энергетика министрлігінің, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің және Сыртқы істер министрлігінің шығыстары қарастырылды.

Сауда және интеграция министрлігінің* 2019-2022 жылдардағы шығыстары шығындардан (орта есеппен 38,9%, орта есеппен 28,8 млрд теңге), бюджеттік кредиттерден (орта есеппен 38,1%, орта есеппен 28,2 млрд теңге), қаржы активтерін сатып алудан (орта есеппен 23,0%, орта есеппен 17,0 млрд теңге) тұрады. 
*2019 жылғы 17 маусымда Сауда және интеграция министрлігі құрылды.
4 жыл ішінде шығындар төрттен біріне ұлғайды: 2019 жылғы 21,4 млрд теңгеден 2022 жылы 26,8 млрд теңгеге дейін.
Шығындар: 
  • жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттік қызметтерге (орта есеппен 35,4%, орта есеппен 10,2 млрд теңге);
  • өнеркәсіпке (орта есеппен 29,5%, орта есеппен 8,5 млрд теңге);
  • шығындардың қалған түрлеріне келеді (орта есеппен 35,1%, орта есеппен 10,1 млрд теңге).

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің** 2018-2022 жылдардағы шығыстары шығындардан (орта есеппен 54,0 млрд теңге) және қаржы активтерін сатып алудан (2019 жылы 0,3 млрд теңге) тұрады. 
**2019 жылғы 25 ақпанда Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен ақпарат саласындағы функциялары мен өкілеттіктерін бере отырып, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі болып қайта құрылды. 
2023 жылғы 1 қыркүйекте Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Мәдениет және спорт министрлігінен жекелеген функцияларымен өкілеттіктерді бере отырып, Мәдениет және ақпарат министрлігі болып қайта құрылды.
2018 жылы шығындар 3,5 млрд теңгені, 2019 жылы – 59,5 млрд теңгені құрады. 4 жыл ішінде олар 1,2 есеге – 2022 жылы 70,3 млрд теңгеге дейін ұлғайды.
Шығындар: 
  • ақпараттық кеңістікке (орта есеппен 84,8%, орта есеппен 45,7 млрд теңге);
  • жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттік қызметтерге(орта есеппен 12,6%, орта есеппен 6,8 млрд теңге);
  • шығындардың қалған түрлеріне келді (орта есеппен 2,6%, орта есеппен 1,4 млрд теңге). 

Әділет министрлігінің 2018-2022 жылдардағы шығыстары 5 жыл ішінде 1,2%-ке төмендеген шығындардан тұрады: 2018 жылғы 45,7 млрд теңгеден 2022 жылы 45,2 млрд теңгеге дейін.
Шығындар: 
  • қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік саласындағы өзге де қызметтерге (орта есеппен 93,4%, орта есеппен 43,5 млрд теңге);
  • құқықтық қызметке (орта есеппен 6,5%, орта есеппен 3,0 млрд теңге);
  • мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыруға келеді (орта есеппен 0,1%, орта есеппен 0,6 млрд теңге).   





Қарау саны: 812
Сақталған: 22.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!