Ұлыбританиядағы салық салу ерекшеліктері
28.12.2023
Жасыл салықтар. Қоқысты кәдеге жарату салығы. Жиналған кәдімгі қоқыс пен инертті қалдықтардан төленеді*. *Инертті қалдықтар – қандай да бір маңызды физикалық, химиялық немесе биологиялық өзгерістерге ұшырамайтын қалдықтар. Сараланған мөлшерлемелер қолданылады:
Кенді емес материалдарға салынатын салық. Коммерциялық пайдалану үшін құм, қиыршық тас және шағылтас өндіруден немесе импорттаудан төленеді. Мөлшерлеме – өндірілетін немесе импортталатын құмның, қиыршық тастың және шағылтастың тоннасы үшін 2 фунт стерлинг (1 154,6 теңге)* . Пластикалық қаптамаға салынатын салық. 30% немесе одан да көп қайта өңделген пластиктен тұратын пластикалық қаптамаларды өндірушілер мен импорттаушылар төлейді. Мөлшерлеме – өндірілген немесе импортталатын пластик қаптамалардың тоннасына 210,82 фунт стерлинг (121,7 мың теңге)*. ! Сондай-ақ, Ұлыбританияда энергия ресурстарын (электр, газ, көмір және т.б.) пайдаланғаны үшін салықтар және энергия тиімділігін арттыруға бағытталған көмірқышқыл газының шығарындыларын азайту бойынша міндеттемелер бар. * 06.09.2023 жылғы жағдай бойынша ҚР Ұлттық банкінің ресми валюта бағамына сәйкес 1 фунт стерлинг = 577,31 теңге
Қарау саны: 830 |
|
|