Ұлыбританиядағы салық салу ерекшеліктері

28.12.2023

Жасыл салықтар.
Қоқысты кәдеге жарату салығы. Жиналған кәдімгі қоқыс пен инертті қалдықтардан төленеді*.

*Инертті қалдықтар – қандай да бір маңызды физикалық, химиялық немесе биологиялық өзгерістерге ұшырамайтын қалдықтар.

Сараланған мөлшерлемелер қолданылады:
  • 102,10 фунт стерлинг (58,9 мың теңге)* – бір тонна кәдімгі қоқыс үшін; 
  • 3,25 фунт стерлинг (1 876,3 теңге)* – бір тонна инертті қалдықтар үшін. 

Кенді емес материалдарға салынатын салық. 
Коммерциялық пайдалану үшін құм, қиыршық тас және шағылтас өндіруден немесе импорттаудан төленеді. 
Мөлшерлеме – өндірілетін немесе импортталатын құмның, қиыршық тастың және шағылтастың тоннасы үшін 2 фунт стерлинг (1 154,6 теңге)* .

Пластикалық қаптамаға салынатын салық. 
30% немесе одан да көп қайта өңделген пластиктен тұратын пластикалық қаптамаларды өндірушілер мен импорттаушылар төлейді. 
Мөлшерлеме – өндірілген немесе импортталатын пластик қаптамалардың тоннасына 210,82 фунт стерлинг (121,7 мың теңге)*. 

! Сондай-ақ, Ұлыбританияда энергия ресурстарын (электр, газ, көмір және т.б.) пайдаланғаны үшін салықтар және энергия тиімділігін арттыруға бағытталған көмірқышқыл газының шығарындыларын азайту бойынша міндеттемелер бар.

* 06.09.2023 жылғы жағдай бойынша ҚР Ұлттық банкінің ресми валюта бағамына сәйкес 1 фунт стерлинг = 577,31 теңге 



Қарау саны: 829
Сақталған: 22.11.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!