Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлау қорытындылары туралы. 3-бөлім

29.12.2023

Сіздерді осы жылғы 5 қарашада өткен аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлау қорытындыларымен таныстыруды жалғастырамыз.

Бұл басылымда еліміздің 5 өңірінде өткен сайлаудың нәтижелері келтірілген: Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Ұлытау облыстары.

Павлодар облысында Ақтоғай, Железин, Шарбақты аудандарының әкімдерін сайлау өтті.
Сайлаушылар тізіміне 31 910 азамат енгізілген. Дауыс беруге 17,8 мың сайлаушы қатысты, келушілер саны – 55,8% құрады. Сайлауға барлығы 8 кандидат қатысты.
Ақтоғай ауданында әкім болып Ақтоғай ауданының 51 жастағы әкімі сайланды, Ақтоғай ауданында тұрады. Ол «Amanat» партиясынан ұсынылды.
Железин ауданында әкім болып Железин ауданында тұратын 43 жастағы Железин ауданының әкімі сайланды. Оның кандидатурасы «Amanat» партиясынан ұсынылды.
Шарбақты ауданында сайлауда 44 жастағы Шарбақты ауданы әкімінің орынбасары, Шарбақты ауданының тұрғыны жеңіске жетті. Ол «Amanat» партиясынан ұсынылды.

Солтүстік Қазақстан облысында Есіл, Мамлют және Тимирязев аудандарының әкімдерін сайлау өтті.
Сайлаушылар тізіміне 35 846 азамат енгізілген. Дауыс беруге 24 мың сайлаушы қатысты, сайлаушылардың келуі 67,1% құрады. Кандидаттардың жалпы саны 8 адамды құрады.
Сайлау қорытындысы бойынша Есіл ауданының әкімі болып 61 жастағы Есіл ауданы әкімінің орынбасары сайланды. Петропавл қаласында тұрады. Оны «Amanat» партиясы ұсынды.
Мамлют ауданының жаңа әкімі болып 51 жастағы Мамлют ауданы әкімінің орынбасары, Мамлютка қаласының тұрғыны сайланды. Оны «ҚХП»  партиясы ұсынды.
Тимирязев ауданында сайлауда 41 жастағы Тимирязев ауданының әкімі жеңіске жетті. Ол Тимирязево ауылының тұрғыны, «Amanat» партиясынан ұсынылған.

Түркістан облысында Бәйдібек, Мақтаарал, Созақ және Шардара аудандарының әкімдерін сайлау өтті.
Осы аудандар бойынша барлығы 179 279 азамат сайлаушылар тізіміне енгізілген. Дауыс беруге 116,8 мың сайлаушы қатысты, яғни келу 64,9% құрады. Кандидаттардың жалпы саны 12 адамды құрады.
Бәйдібек ауданында сайлау қорытындысы бойынша әкім болып 50 жастағы «ERNUR корпорациясы» ЖШС директоры сайланды. Оның кандидатурасын «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы ұсынды.
Мақтаарал ауданында әкім болып 61 жастағы Мақтаарал ауданының әкімі сайланды. Ол «Amanat» партиясынан ұсынылды.
Созақ ауданында сайлауды 56 жастағы Созақ ауданының әкімі жеңіп алды. Оны «Amanat» партиясы ұсынды.
Шардара ауданында әкім болып 46 жастағы Шардара аудандық мәслихатының төрағасы сайланды. Ол «Amanat» партиясынан ұсынылды.

Ұлытау облысында Ұлытау ауданы әкімінің сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 6 919 азамат енгізілген. Дауыс беруге 4,4 мың сайлаушы қатысты, ал сайлаушылардың келуі 64% құрады. Барлығы 3 кандидат болды.
Сайлау қорытындысы бойынша Ұлытау ауданының әкімі болып Ұлытау ауылында тұратын 50 жастағы Ұлытау ауданының әкімі сайланды. Оның кандидатурасы «Amanat» партиясынан ұсынылды.

Шығыс Қазақстан облысында Алтай және Глубоков аудандарының әкімдерін сайлау өтті.
Сайлаушылар тізіміне 85 353 азамат енгізілген. Дауыс беруге 63,3 мың сайлаушы қатысып, келу 74,2% құрады. Кандидаттардың жалпы саны – 5 адам.
Алтай ауданында сайлау нәтижелері бойынша әкім болып 43 жастағы Алтай ауданы әкімінің міндетін атқарушы сайланды, ол «Amanat» партиясынан ұсынылды.
Глубоков ауданында әкім болып 36 жастағы Глубоков ауданының әкімі сайланды. Оны «Amanat» партиясы ұсынды.
Барлығы 5 облыста сайлауға 36 кандидат қатысып, 13 әкім сайланды.


Сайланған әкімдердің орташа жасы 48 жасты құрады. Ең жасы үлкен әкім Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында сайланды. Ол 61 жаста. Ал ең жас әкім Шығыс Қазақстан облысының Глубоков ауданында сайланды (36 жаста).

Сайланған әкімдердің көпшілігі ер адамдар. Бұл ретте Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданында тек 1 әйел сайланды. 13 жеңімпаздың ішінде 8 әкім, 3 әкімнің орынбасары, 1 кәсіпкер, 1 аудандық мәслихат төрағасы болды.

Жеңімпаздардың көпшілігі – «Amanat» партиясының мүшелері. Сайланған әкімдердің 11 - «Amanat» партиясы, 1 - «ҚХП» партиясынан, 
1 - «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан.

Диана Сәдуақасова
 аға сарапшы



Қарау саны: 815
Сақталған: 22.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!