Ең күшті әлеуметтік байланыстар Түркістан облысы мен Жетісу облысында

03.01.2024

Лондон экономика және саясат ғылымдары мектебінің (LSE) және Экономикалық зерттеулер институтының (ERI) сарапшылары орындаған Қазақстан өңірлерінде қала және ауыл тұрғындарының әл-ауқатын қабылдауды жалпыұлттық зерттеу шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Азия даму банкінің Білім және тәжірибе алмасудың бірлескен бағдарламасының «Өңірлік теңсіздікті зерттеу» жобасы шеңберінде адамдар арасындағы әлеуметтік байланыстардың сапасын бағалау жүргізілді. 

Р. Боарини, М. Комола, С. Смит, Р. Манчин және Ф. де Кеуленардың зерттеулеріне сәйкес, әлеуметтік байланыстар әл-ауқатқа, соның ішінде өмірді бағалауға және эмоционалды бақыт жағдайына айтарлықтай әсер етеді. 

Өңірлердегі әл ауқатты өлшеу кезінде әлеуметтік байланыстардың сапасын бағалау негізіне мыналар кіреді:
  • жақын адамдар мен достардың қиын кезеңдегі қолдауын бағалау;
  • жақындармен және достармен қарым-қатынас жиілігін бағалау.

Сауалнама нәтижелері бойынша, егер өмірде қиын жағдай туындаса, респонденттердің көпшілігі (90,8%) туыстарының немесе достарының көмегіне сене алады. Барлық өңірлерде респонденттер қажет болған кезде туыстары мен достарының көмегіне сену мүмкіндігіне жоғары баға береді. 


Респонденттердің жақындарымен және достарымен қарым-қатынас жиілігін бағалау респонденттердің достарымен, туыстарымен немесе әріптестерімен жиі кездесетінін көрсетті – 66,6%. Әр өңірде респонденттердің жартысынан көбі жақын адамдарымен және достарымен жиі кездеседі. Қарым-қатынас жиілігі бойынша Қызылорда (78,3%), Атырау (76,1%) және Ақтөбе (74,7%) облыстары көшбасшы болып табылады. Аутсайдерлер – Астана қаласы (57,0%), Абай облысы(57,3%) және Павлодар облысы (59,0%). 


Сауалнама нәтижелері бойынша респонденттердің отбасымен, достарымен әлеуметтік байланыстары тығыз, олар кез келген уақытта қажет болған жағдайда олардың көмегіне сене алады деген қорытынды жасауға болады. Сондай-ақ, респонденттер жақын адамдарымен және достарымен жиі кездеседі. 

Түркістан облысы мен Жетісу облысындағы әлеуметтік байланыстардың беріктігі ерекше жоғары бағаланады. Ұлытау облысында әлеуметтік байланыстардың сапасына қатысты ең қолайсыз жағдай болып табылады.   



Қарау саны: 785
Сақталған: 22.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!