Сапалы медицинаның ең төмен қолжетімділігі Абай, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстарында

05.01.2024

«Өңірлік теңсіздік туралы 30 қорытынды» айдары

№17 қорытынды – Сапалы медицинаның ең төмен қолжетімділігі Абай, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстарында

Лондон экономика және саясат ғылымдары мектебінің (LSE) және Экономикалық зерттеулер институтының (ERI) сарапшылары орындаған Қазақстан өңірлерінде қала және ауыл тұрғындарының әл-ауқатын қабылдауды жалпыұлттық зерттеу шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Азия даму банкінің Білім және тәжірибе алмасудың бірлескен бағдарламасының «Өңірлік теңсіздікті зерттеу» жобасы шеңберінде сапалы медицинаның қолжетімділігіне бағалауы жүргізілді.
 
Сапалы медициналық қызмет көрсету және медициналық мекемелердің жоғары қолжетімділігі өмір сүру сапасының, демек, әл-ауқаттың негізі болып табылады. Сауалнама аясында өңірлердің тұрғындары үшін медициналық қызметтердің сапасы мен ауруханалардың қолжетімділігі бағаланды. 
Осылайша, респонденттердің жартысынан азы медициналық қызмет көрсету сапасына қанағаттанды – 45,2%. Өңірлер бөлінісінде талдау медициналық қызмет көрсету сапасының ең жоғары көрсеткіштері Ақмола облысында (62,6%), ал  ең төмен көрсеткіштер Қостанай (29,9%), Шығыс Қазақстан (31,7%), Абай (33,9%), Павлодар облыстарында (35,6%) екенін көрсетті.

 
Инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді бағалау респонденттердің 52,5%-і елді мекендердегі ауруханалардың жеткіліктілігі туралы айтып отырғанын көрсетті. 
Өңірлер бөлінісінде ауруханалардың қолжетімділігі Қызылорда (67,1%), Солтүстік Қазақстан (68,1%) және Батыс Қазақстан (69,0%) облыстарында ең жоғары. Ұлытау облысында (28,0%) және Шығыс Қазақстан облысында (31,5%) ауруханалардың жеткіліктілік деңгейі төмен бағаланады.

   
Медициналық қызмет көрсету сапасын бағалау ауруханалардың қолжетімділігіне де байланысты: ауруханалардың қолжетімділігі неғұрлым жоғары болса, халықтың медициналық қызмет көрсету деңгейіне қанағаттануы соғұрлым жоғары болады. Бұл жүргізілген социологиялық сауалнама шеңберінде r корреляциялық өзара байланысты есептеу нәтижелерімен расталды: r=0,452.

Осылайша, жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша сапалы медицинаның қолжетімділігі бойынша үздік баға Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында атап өтілді. Ең төмен бағалар – Абай, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстарында.








Қарау саны: 1110
Сақталған: 22.12.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!