Салық саясаты
07.01.2024
Мальдив аралдарында салық салу ерекшеліктері КТС. Оны резидент компаниялар (әлемдік кірістен) және бейрезиденттер төлейді (тек Мальдив аралдарында алынған кірістен). Сараланған мөлшерлемелер қолданылады: 25% – банктер үшін; 2% – Мальдив аралдарында орналасқан жерден жөнелтілетін кемеде немесе ұшақта жолаушыларды, малды, поштаны, сәлемдемелерді, тауарларды тасымалдайтын бейрезидент көлік операторлары үшін; 15% – салық салынатын кірісі 500 мың мальдив руфиясынан асатын барлық басқа заңды тұлғалар үшін. ЖТС. Мальдив аралдарының салық резиденттерінен (әлемдік кірістен) және бейрезиденттерден және уақытша резиденттерден (Мальдив аралдарынан алынған кірістен) алынады. Прогрессивті мөлшерлемелер қолданылады: 0% – 720 мың мальдив руфиясынан аспайтын салық салынатын кіріс кезінде; 5,5% – 720 мың мальдив руфиясынан асатын, бірақ 1,2 млн мальдив руфиясынан аспайтын салық салынатын кіріс кезінде; 8% - 1,2 млн мальдив руфиясынан асатын, бірақ 1,8 млн мальдив руфиясынан аспайтын салық салынатын кіріс кезінде; 12% – 1,8 млн мальдив руфиясынан асатын, бірақ 2,4 млн мальдив руфиясынан аспайтын салық салынатын кіріс кезінде; 15% – 2,4 млн мальдив руфиясынан асатын салық салынатын кіріс кезінде. Тауарлар мен қызметтерге салынатын салық. Мальдив аралдарында тауарлар мен қызметтерді жеткізу кезінде олардың құнынан алынады. Сараланған мөлшерлемелер қолданылады: 16% – туристік тауарлар мен қызметтер үшін; 8% – барлық басқа тауарлар мен қызметтер үшін. ! Тіркелген тұлға беретін тауарлар мен қызметтерді алушының тауарлар мен қызметтерді сатып алу кезінде төленген тауарлар мен қызметтерге салынатын салықты есепке алуға құқығы бар. Жасыл салық. Туристік курорттарда, туристік қонақ үйлерде және туристік кемелерде тұратын туристерден алынады. Мөлшерлеме – 1 күн болу үшін 6 АҚШ доллары (2 748 теңге)*. * 01.12.2023 жылғы жағдай бойынша ҚР Ұлттық банкінің ресми валюта бағамына сәйкес 1 АҚШ доллары = 458,04 теңге ! Мальдив аралдарының тұрғындары және тұруға ықтиярхат иелері курорттарда, қонақ үйлерде және кемелерде тұрса да, жасыл салық төлеуге міндетті емес.
Қарау саны: 746 |
|
|